• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Қыркүйек, 2013

Қытайдағы тайфуннан ондаған адам қаза болды

330 рет
көрсетілді

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында «усаги» тайфуны 21 адамның өмірін қиды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Метеорологтардың айтуынша, желдің жылдамдығы сағатына 180 шақырымға жеткен.

Шаньтоу қаласында ағаш құлап түсіп, екі адамды басып қалған. Ал «Синьхуа» агенттігі таратқан ақпарда Хуэйлай уезіндегі қатты желден сынған терезе әйнектерінің бірі тұрғынның үстіне түсіп, оның қаза болғанын, сондай-ақ, із-түссіз жоғалғандардың бар екені де жазылған.

Оңтүстік Қытайдың бірнеше ауданында электр желісі үзілген және Бейжің мен Оңтүстік Қытайды жалғап тұрған «Гуанчжоу-Бейжің» теміржолындағы қозғалыс уақытша тоқтатылды. Гонконг әуежайында 370-тен аса әуе сапары кейінге қалдырылды. Жағалауға жақын 14 қаланың мектептері жабылды.

«Усаги» жапон тілінен аударғанда «қоян» деген мағынаны білдіреді екен. «Усаги» Азия аумағында үстіміздегі жылы орын алған ең ірі дауыл саналып отыр. Ол Қытайға дейін Филиппин аумағында орын алып, екі адамның өмірін жұлып кеткен. Гонконг «усагиді» соңғы жарты ғасырдың ішінде орын алған ең ірі тайфун ретінде бағалап отыр.  

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар