Маңғыстау ауданының Шайыр ауылынан 2 адам, Бейнеу ауданынан 1 адам, Жаңаөзен қаласынан 1 адам коронавирус індетін жұқтырды.
ПТР диагностикалық зерттеу қортындысы бойынша Маңғыстау ауданының Шайыр ауылының тұрғындары — 1973 жылғы азаматшадан және 2019 жығы баладан, Бейнеу ауданынан 2014 жылғы баладан, сонымен қатар Жаңаөзен қаласының 1982 жылғы азаматшасынан қауіпті індет табылды. Олар коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдермен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.
8 мамырдағы жағдай бойынша өңірде 109 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды.