• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Мамыр, 2020

Түркістан: Су басқан ауылдардан 1 млн текшеметр су сорылды

278 рет
көрсетілді

Мақтаарал ауданының су басқан Нұрлыжол, Ырысты, Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас және Жантақсай ауылдарынан 1 млн текшеметр су сорылды. Сондай-ақ ауылдарда жалпы ұзындығы 21 шақырымдық уақытша дамбылар тұрғызылды. Суды ағызу үшін 3 коллектор орнатылған.

Төтенше жағдай комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары, Шымкент қаласы, Апаттар медицина орталығы, Полиция бөлімі, Ұлттық гвардия, Қорғаныс министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен активтерінен құралған 1574 адам, 280 техника, 15 жүзу құралдары, 160 мотосорғыш тәулік бойы жұмысын жалғастыруда. Жұмыстарға ұйымдар мен еріктілер де тартылған.

Су басқан 5 елді мекен аумағында халықтың жеке заттарын, құжаттары мен мүлкін эвакуациялау, үй жануарларын құтқару және патрульдеу жұмыстары жалғасуда.