Ауыр атлетикадан Қазақстан құрама командасының мүшесі, Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Анна Нұрмұхамбетова допинг қолданғаны үшін төрт жылға үлкен спорттан шеттетілді.
Бұл ақпаратты Қазақстанның допингке қарсы күрес орталығы таратып отыр. Әйгілі спортшының оралтуринабол дәрісін қолданғаны анықталып отыр. Әрине, ондай жаңалықты есту жанкүйерлерге де оңай емес. 26 жастағы Анна талай дүбірлі додаларда ел намысын абыройлы қорғаған еді.
Атап айтсақ, 2012 жылы Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, 2013 жылы Азия чемпионы атанды. Одан бөлек, жасөспірімдер мен жастар буыны арасындағы жарыстарда да талай рет жеңіс тұғырына көтерілді. Көптеген жанкүйерлер оның болашағына үлкен үмітпен қарады. Тіптен, танымал спорт журналистерінің бірі Жандос Айтбай Анна Нұрмұхамбетованы «асқан талант иесі» деп атағаны да есімізде.