Қазалыда Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаев атын иеленген ерекше ауыл бар. Ерекше болатын себебі, бұл ауылда 23 егіз дүниеге келген. Кеше осылардың қатарына үшем қосылды.
Қызылорда қаласындағы Ана мен бала орталығында дүние есігін ашқан үшемдер қазір дәрігерлердің бақылауында. Жаңа туған сәбилерге ата-анасы Айғаным, Айғант, Асылым деген есім беріпті.
Дәрігерлер сәбилердің денсаулық көрсеткіштері қалыпты нормаға жеткен бетте үйлеріне шығарылатынын айтады.