• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Мамыр, 2020

Ауа райының құбылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

258 рет
көрсетілді

Ауа райының құбылуына байланысты ел өңірлерінде ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Синоптиктердің хабарлауынша, 9 мамырда Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде күн күркірейді. Жел шығыстан соғады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды қаласында 9 мамырда жел шығыстан соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.

9 мамырда Жезқазғанда жел шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Ал 9 мамырда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, күндіз күн күркіреген кезде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін күшейеді.

Оралда 9 мамырда кешке найзағай жарқылдауы ықтимал.