• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Мамыр, 2020

Түркістан: Соғыс ардагеріне пәтер кілті табыс етілді

363 рет
көрсетілді

Жеңістің 75 жылдығына орай соғыс ардагері Рысмет Жұмағұловқа Төле би ауданының орталығы Ленгір қаласының 1 мөлтек ауданынан 2 бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев, Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев екінші дүниежүзілік соғыста Жеңіске үлес қосқан майдангерді жаңа баспанасымен құттықтап, арнайы сый-сияпат жасады. Бұған дейін Ленгір қаласында жер үйде бала-шағасымен бірге тұрып келген 99 жастағы ақсақал 9 ұл-қызынан 50-ге жуық немере, шөбере, шөпшек сүйіп отыр.

Жыл өткен сайын қатары сиреп бара жатқан ардагерлерді ардақтау және олардың ерлігіне тағзым ретінде облыс әкімдігі көмек шаралары мен көптеген жеңілдіктер жасап келеді. Биыл Түркістан облысында тұратын 40 соғыс ардагері мен 8251 тыл еңбеккерлері мен қаза болған жауынгердің жесірлеріне және 2 блокадалық Ленинградтың тұрғынына  тиісті қаржылай көмек берілуде. Бір реттік материалдық көмектің көлемі 8293 адамға 287 810,0 мың теңгені құрайды. Оның ішінде сәуір айында 5826 адамға 170990,0 мың теңгенің көмегі төленген.