• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2013

Гран-при қазақ фильмінің еншісінде

274 рет
көрсетілді

Қазақстандық режиссер Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмі халықаралық «Киношок-2013» кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алды. Аталмыш картинаның бұл фестивальдегі жүлдесі мұны­мен шектелмейді. Онда ойнаған актер Ерболат Тоғызақов үздік ер адамның рөлі номинациясы бойынша марапатқа ие болды.

 

Қазақстандық режиссер Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмі халықаралық «Киношок-2013» кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алды. Аталмыш картинаның бұл фестивальдегі жүлдесі мұны­мен шектелмейді. Онда ойнаған актер Ерболат Тоғызақов үздік ер адамның рөлі номинациясы бойынша марапатқа ие болды.

Кинофестиваль 15-22 қыркүйек күндері Ресейдің Анапа қаласында өтті. Оған Латвия, Литва және Эстония сынды елдердің таңдаулы кинотуындылары қатыстырылды. Солардың арасынан үздік режиссер аталымы «Бұл мен емеспін» деп аталатын лентаны қоюшы Мария Саакянға берілді. Осы фильмнің операторы Мко Малхасян өз саласында озып шықты. Эстонияның «Тірі суреттер» атты картинасы «Үздік сценарий» және «Үздік әйел рөлі» номинацияларына қол жеткізді. Ал қырғыз режиссері Темір Бірназаровтың «Құмарлық» фильмі «Кинодағы азаматтық жә­не эстетикалық позицияның батылдығы үшін» арнайы сый­лығын иеленді.

Енді «Шал» фильмі жөнінде бірер сөз. Ол америкалық таны­мал жазушы Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» хикаятының желісі негізінде, қазақ тұрмысына бейімделіп түсірілген. Оның оқи­ғасы қазіргі заманғы Қазақстанның ауылдық жерінде өтеді. Бас кейіпкер ретінде көрінетін қария да­лада қой жайып жүріп адасады. Ауылға баратын жол табамын деп жүріп, бірнеше рет қасқырлардың үйіріне тап болады. Осы кезде шалдың немересі оны іздеп, жолға шығады...

Фильмнің тұсаукесері 2012 жылғы 11 қазанда өткізілді. Был­тыр ол Алматыда өткен «Жыл таң­дауы» фестивалінде «Жыл филь­мі» атанды. Сол сияқты Қазақ­станда жылдың үздік фильмі ретін­де «Құлагер» сыйлығын алған болатын.

Мұрат АЙТҚОЖА.

Соңғы жаңалықтар