• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Коронавирус 08 Мамыр, 2020

Індет жұқтырғандардың жартысына жуығы симптомсыз жағдайлар - министр

190 рет
көрсетілді

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Хабар24» арнасына берген сұхбатында айтты.

«Ұшақпен сапарлауды таңдаған жолаушылар арасынан аурудың жасырын белгілері анықталды. Сондықтан тестілеу шаралары керек деп санаймыз. Кеше бір жағдай тіркелді. Ақылы тестілеу аясында осы аптада 10-ға тарта індет жұқтырған адамды анықтадық. Тәулігіне еліміз бойынша 15 мың тест жасалады. Тестілеу нәтижесінде инфекцияның таралып жатқандығы көрініп отыр», - деді Елжан Біртанов.

Министрдің айтуынша індет жұқтырғандардың 85 пайызы жеңіл және симптомсыз жағдайлар.

«Барша аурулардың жартысына жуығы симптомсыз. Бұл адамдар ауырмайды, өздері емделеді. Алайда олар ауруды басқа адамдарға жұқтыруы мүмкін», - деді ол.