Қашықтан оқыту режімі мектеп мұғалімдерінің білім беру ісіне жаңалық әкелмегенімен де, заманауи цифрлы кеңістікте озық ізденістерге баруға, тың мәліметтер жинауға ықпал етті.
Алайда бұл кезең дәстүрлі білім жүйесінің балаларды білімге баулып қана қоймайтын, қастерлі білім шаңырағының ізгілік пен тәлім-тәрбиенің бастауы екеніне меңзегендей. Әрбір ұстаз тұлға тәрбиесінде өзінің біліктілігін, жауапкершілігін сезіне отырып, оқыту пәнінің жоғары деңгейде өтуіне, балалардың оны терең түсініп оқуына тырысады. Төменде ұсынып отырған мақалада Алатау ауданындағы №178 лицей КММ-нің орыс тілі пәнінің мұғалімі Майра Каирбаева білім әрі тәрбие берудің ерекшеліктерімен негізге алады.
Қазіргі таңда еліміздің білім беру саласында жаңа технологиялар мен идеялардың жүйелі әрі қарқынды даму үстінде. Күнделікті қарқынды дамып жатқан ақпараттар легі болашақтан үміті бар әрбір адам алға ұмтылуын, білімін үздіксіз жетілдіріп, өмір бойы білім алуды талап етеді. Ендеше қазіргі таңдағы білім беру саясатының ең бірінші міндеті жоғары сапалы білім беру болып отырғаны – заман талабы.
Жеке тұлғаны дамытып, дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып ынтасын арттыру осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға - ұстаз. Бүгінгі ұстаз оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, әрбір оқушы бойында ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға тиіс. Сондай ақ,алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етуі керек.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру – мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарады. Олай болса, жауапкершілігі шексіз, қадірі мол мамандық иесінің ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі алар орнын әр мұғалім бар болмысымен сезінгені абзал.
Қорыта айтқанда, ұлы мемлекетіміздің кемел болашағы үшін ұрпағымызды білімді, саналы әрі жүрегінде иманы бар етіп тәрбиелеуіміз қажет. Оқушыны мектеп қабырғасында алған білімін өмірде қолдана білуге дағдыландыруымыз керек. Осы міндет ұстаздарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Жаңа заманда өмірдің барлық салаларында табысты болулары үшін, оқушылардың бойына қажетті дағдыларды дарыту жолында мұғалімдер тынымсыз еңбектенуі керек. Осы мақсат аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.
АЛМАТЫ