Кеше Сенат Төрағасы Қайрат Мәмидің төрағалығымен Парламент Сенаты бюросының отырысы өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Кеше Сенат Төрағасы Қайрат Мәмидің төрағалығымен Парламент Сенаты бюросының отырысы өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Бюро отырысында Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитеті «2011 жылғы 25 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Балқаш жылу электр стансасын дамыту, қаржыландыру, жобалау, салу, пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету саласындағы келісімге өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді.
«ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартын ратификациялау туралы» заң жобасына Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті бас комитет болып бекіді.
Сондай-ақ, отырыста Сенат депутаттарын халықаралық парламенттік ұйымдарға және Парламент Сенатының шет мемлекеттер парламенттерімен ынтымақтастық жөніндегі өңірлік топтарға жіберу жөніндегі ұсыныстар да қаралды.
Депутаттар, сонымен бірге, палатаның биылғы жылдың 26 қыркүйегінде өтетін келесі отырысының күн тәртібін де қарап, бекітті. Бұған қоса, келесі отырыста Сенат депутаттарын халықаралық парламенттік ұйымдарға және Парламент Сенатының шет мемлекеттер парламенттерімен ынтымақтастық жөніндегі өңірлік топтарға жіберу жөніндегі ұсыныстар да қаралады.