• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2013

Елбасы – алғашқы делегат

352 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» партиясының XV съезіне делегаттар тізімін партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев бастады

Кеше «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиа­лының XVIII конференциясында Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төр­ағасы Н.Ә.Назарбаев пар­тияның XV съезінің алғаш­қы делегаты болып сайланды.

 

 

«Нұр Отан» партиясының XV съезіне делегаттар тізімін партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев бастады

Кеше «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиа­лының XVIII конференциясында Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төр­ағасы Н.Ә.Назарбаев пар­тияның XV съезінің алғаш­қы делегаты болып сайланды.

Кеше Астанада «Нұр Отан­­ның» қалалық партия конфе­рен­циясы өткізілді. Онда «Қа­зақ­стан-2050» Стра­тегиясын жүзеге асырудағы «Нұр Отан» пар­тия­сының жаңа мін­деттері, «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолын­да!» жаңа Саяси доктринасы тал­қы­ланды.

Іс-шараға «Нұр Отан» партия­сы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Астана қа­ласының әкімі, партияның Ас­тана қалалық филиалының төра­ға­сы Иманғали Тасмағамбетов, Пар­ламент Сенатының депутаты Владимир Редкокашин, Парла­мент Мәжілісінің депутаты Надежда Петухова, Астана қала­лық мәслихатының депутаттары, қалалық филиал бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партия активі, «Жас Отан» жастар қанатының Астана қаласындағы жас белсенділері қатысты.

Астанадағы партиялық конференция республика көлемінде «Нұр Отанның» XV съезіне делегаттар сайлаған алғашқы өңірлік конференция болды. Осындай конференциялар Қазақстанның барлық өңірлерінде өткізіледі деп жоспарланған және апта соңында съезд делегаттарының қорытынды тізімі қалыптастырылатын болады.

Жалпы, Астана қалалық филиалынан партия съезіне 100 деле­гат сайланды. Алғашқы деле­гат ретінде Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.На­зар­баев сайланды.

Конференцияға қатысушылар кеше сондай-ақ, «Нұр Отанның» жаңа Саяси доктринасының жо­басын тал­қы­лады. Оның ішін­де Қазақстан Пре­зидентінің «Қа­зақстанның әлеу­меттік жаң­ғыр­тылуы: Жалпыға Ор­тақ Еңбек Қоғамына қарай жиыр­ма қадам» бағдарламалық мақа­ласына байланысты еңбек адамы ұғымын күшейтуге қатысты ұсыныстар келіп түсті. Сонымен қатар, қа­ты­су­шылардың пікірінше, пар­тия­­ның стратегиялық құжаты, ең ал­дымен, қазақстандықтардың өс­ке­лең ұрпағына үйлестірілген болуы керек.

Конференция барысында та­ғы бір көтерілген мәселе №2 сай­лау округі бойынша «Нұр Отан» қалалық филиалы тарапы­нан мәслихат депутаттығына кан­ди­даттар ұсыну мәселелері қарас­тырылады.  

2013 жылғы 18 қазанда «Нұр Отан» партиясының XV съезі өткі­зіледі. Делегаттар саны екі есеге ұлғайып, Қазақстанның бар­лық өңірлерінен 1200-ге жуық адам қатысады. Съезд екі күнге жал­ғасады: алғашқы күні секциялық тал­қы­лаулар, екінші күні, 18 қазан­­да партия Көшбасшысы Н.Назар­баевтың төрағалық етуімен пле­нарлық мәжіліс өткізіледі.

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар