• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2013

Тамаша тартулар

361 рет
көрсетілді

Қыркүйектің 21-і күні Бейбітшілік және келісім сарайында Қырғызстанның Қазақстандағы мәдениет күндері салтанатты жағдайда ашылды. Бір айға жалғасатын мәдени шара Қырғызстан мен Қазақстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 85 жылдық мерейтойына бағышталуымен ерекшеленді.

Қыркүйектің 21-і күні Бейбітшілік және келісім сарайында Қырғызстанның Қазақстандағы мәдениет күндері салтанатты жағдайда ашылды. Бір айға жалғасатын мәдени шара Қырғызстан мен Қазақстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 85 жылдық мерейтойына бағышталуымен ерекшеленді.

«Басыма кидім ақ қалпақ,

Оюлап шетін сырғызған.

Менің де бетім жап-жалпақ,

Айырмам қайсы қырғыздан?».

Мысал үшін біз қырғыз Алатауының үстінен көтерілген күн сәулесіндей қазақ-қырғыз даласына шұғыласы тең тараған Шыңғыс Айтматовты өзімізге жақын тұтып, жазушының «Жәмила», «Құс жолы», «Қош бол, Гүлсары» , «Ақ кеме», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Жанпида» , «Шыңғысханның ақ бұлты», «Ғасырдан да ұзақ күн», «Боранды бекет», «Көктөбедегі кездесу» сынды шығармаларын қалай сүйіп оқысақ, тамашаласақ, ақын Әбділда Тәжібаевтың қырғыз халқына арнаған осы бір жыр шумағын олардың да дәл солай құрметтеп, жаттап, жариялап жатуы бекер болмаса керек. Мұхтар Әуезовті Шыңғыстың ұстазы деп айрықша әспеттеп, ХХ ғасырдың әлемдік әдебиетіндегі түркілік әдеби ренессансты танытқан тұтас бір дәуірді жасаушы қос тұлға ретінде асқақтатуы өз алдына бір мерей. Шыңғыс шығармаларының қазақпен етене туыс болуымен қатар, әлемнің жүзден астам тілдеріне – ағылшын, француз, неміс, араб, парсы, түрік, жапон тілдеріне тәржімалануы қырғыз мәдениеті мен дүниетанымының әлемдік көкжиекке ұштасқан сәтін айшықтайтын ақиқаттың бірі деп тану тағы парыз.

Ал енді мына «Таулар құлағанда» атты көрмедегі қазіргі заманғы қырғыз суретшілерінің еңбектерінен Шыңғыс тылсымы мен тынысының жаңғырып, қайта самғау сәтіне куә болғандай әсер түйесіз. Келушілер назарына іліккен кескіндеме, графика, шағын пластика және декоративті-қолданбалы өнер туындыларының ұлттық айшығы мен ажары айрықша көз тартады. Мұндағы жалпы қылқалам туындылары мен басқа да халықтық өнер қазынасының жалпы саны 100-ден асып жығылады. Бір айта кететін нәрсе, Қырғызстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің бағдарламасы сан салалы, алуан арналы. Мысалы, Ас­танада Қырғызстан мен Қа­зақ­станның зиялы қауым өкілдері бас қосса, Алматы, Тараз және Шымкент қалаларында бір ай бойына Қырғызстан театрлары мен мемлекеттік филармонияның әртістері өнер көрсетеді.

Қырғызстанның Қазақ­стан­дағы мәдениет күн­дерінің салтанатты ашылу рәсі­мінде жұрт мемлекеттік би ан­самблінің, мем­лекеттік филармонияның халық аспаптар оркестрі мен халық әртістерінің өнерлерін тапжылмай тамашалады. Мәдени шараны екі елдің Мәдениет министрлері сөз сөйлеп ашты. Қырғызстанның Мәдениет министрі Сұлтан Раев: «Қазақ пен қырғыз ежелден екі таудың шоқысындай, бір құстың қанатындай, бір ата мен бір ананың ұлдарындай, қиын кезде бір-біріне тірек болып, керек кезде жүрек болып өмір сүріп келе жатқан халықтар. Мыңдаған шақырымды артқа тастап туғандарымызбен табысуға асығып, сағынып жеттік сіздерге... Көкірек толы сезіммен, жүрек толы қуанышпен келдік. Қырғыз-қазақ – егіз ел, бір-бірімен тығыз ел. Ал дүниеде қазаққа қырғыздан өткен, ал қырғызға қазақтан өткен жақын ұлт та, ел де жоқ деп есептеймін», деп Ала­таудың арғы бетін жайлаған қа­лың қырғыздың ыстық сә­лемін жеткізді. Өз кезегінде Қазақ­станның Мәдениет және ақпа­рат министрі Мұхтар Құл-Мұ­хаммед: «Біздің бауырлас, туысқан ел – Қырғызстан Рес­пуб­ликасының Қазақстандағы, оның астанасы – Астана қала­сындағы мәдениет күндерінің ашылуымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын, – дей келіп, – қырғыз халқының ар­ғы-бергі тарихында ол елге қа­зақтай тату, қазақтай жақын ел болмаған шығар. Сондықтан біздің екі халықтың ежелден тарихы мен тамыры бір, діні ортақ, тілі де ұқсас, мәдениеті де егіз деп айтуымызға болады. Міне, осы қырғыз халқының, Қырғыз Республикасының бас

Соңғы жаңалықтар