• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Экономика 10 Мамыр, 2020

БЖЗҚ активтеріндегі шетелдік үлесті көбейту ұсынылды

199 рет
көрсетілді

«Қазақстанның макроэкономикалық иммунитеті» сараптамалық зерттеуінің авторлары  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сыртқы активтерін шетелдіктердің қатысуымен  ұлғайтуды ұсынып отыр. «Шетелге инвестициялау   ішкі нарыққа қарағанда инвестициялардың жоғары кірісін қамтамасыз етуі керек»,  дейді баяндама авторлары.

Қазіргі уақытта, сарапшылардың пікірі бойынша, қор активтерінің тек 22% шетелдік активтерге салынған.

2020 жылдың бірінші тоқсанының соңында қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 11,7 трлн теңгеден асты. Сонымен бірге, 2019 жылы БЖЗҚ активтерінің кірісі 6,47%, инфляция деңгейі 5,4% көтерілді.

Осылайша, нақты кіріс 1,17%-ды  құрады, сол жылы S&P 500 индексі 30%, Stoxx Europe 600 - 23%, Шанхай Композиті - 22%, Жапондық Nikkei 225 - 18% өсті.

«Мұндай әртараптандыру халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылады: мысалы, Норвегия Ұлттық қорының 60% активтері халықаралық қор нарықтарына салынған», дейді зерттеу авторлары.

Сонымен қатар, зерттеу авторлары БЖЗҚ-ны Ұлттық банктің бақылауынан алып тастап, Парламентке беру қажет деп санайды. Олар бұл ұстанымын былай деп түсіндіріп берді. 

«БЖЗҚ активтеріндегі шетелдіктердің үлесінің артуы азаматтардың зейнетақы жинақтарына жеке менеджерлерді таңдау мүмкіндігін де әртараптандырады. Халықаралық нарықтарда терең тәжірибесі бар сыртқы активтерді басқару менеджментін пайдалану активтердің кірістілігін арттыруға және портфельдік тәуекелдерді әртараптандыруға жол ашады. Сонымен бір мезгілде БЖЗҚ активтерін саясаттан жоғары  ұстап,  ағымдағы бюджеттік мақсаттарда пайдалануды шектейді», делінген зерттеуде.

Сонымен қатар, осы зерттеудің авторлары инвестицияларды басқару, активтерді бөлу және Ұлттық қордың, БЖЗҚ, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорларының нәтижелері туралы қоғамды толыққанды ақпаратпен қамтамасыз етудің кезі келгені туралы  да айтып өтіпті.

«Бұл активтерді басқарудың ұлттық саясатының заңдылығын күшейтеді және басқарушылық тәртіп пен сыбайлас жемқорлықты азайтуға септігін тигізеді», дейді зерттеу авторлары.