• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған әйел адам дені сау сәбиді дүниеге әкелді

168 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда дәрігерлер жүкті әйелді коронавирустан емдеді. Науқас КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес толық ем алды. Ол 9 мамыр күні дені сау сәбиді дүниеге әкелді.

Ана мен баланың Covid-19 тест нәтижесі теріс. Бұл елорда тұрғынының үшінші баласы.

«Әйел адам босанғанға дейін екі күн бұрын Covid-19 нәтижесі теріс болғанына қарамастан, баланың құрсақта коронавирус жұқтырып алу қаупі болды.  №1 көпсалалы қалалық аурухананың акушерлік блогының бригадасы  гинеколог-дәрігер Владимир Калашников, неонатолог-дәрігер Татьяна Евтюшкина және акушер Гаухар Дүйсенбаева, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері екі адамның өмірі үшін күресті. Нәтижесінде, сәбидің дені сау, COVID-19 талдау нәтижесі теріс. Қазір ана мен бала өздерін жақсы сезінеді» деп хабарлады елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

9 мамырдағы деректерге сәйкес елордада короновирусты 1004 адам жұқтырды. 367 науқас індеттен сауықты.