«Қазақстан жанармай қауымдастығының» өкілдері қазір тап осындай дабыл қағып отыр. Олардың айтуларынша, таяу күндерде осыған байланысты елімізде АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасы күрт шарықтап кетуі әбден мүмкін. Мұның соңында жанармайдың мүлдем болмай қалуы да ғажап емес.

Расында да көршілес елден жеткізілуі тиіс 234 мың тонна сұйық отын жанармай тапшылығын шешіп бере алмаса керек. Айта кетейік, бұған дейін Мұнай және газ министрлігінің бұйрығымен отандық үш компания ғана Ресейден мұнай өнімдерін жеткізуші оператор болып белгіленген еді.
«Егер сұйық отын болмаса, жанармай бекеттері оны талон немесе карточкамен саудалайды. «Қазмұнайгаздың» жанармай бекетінде кептеліс туындайды. Аз уақытта олардағы жанармай да таусылады. Біз мұның алдын алғымыз келеді», – дейді «Қазақстанның жанармай қауымдастығы» басқарма төрағасы Болат Әуетаев.
Тасымалдаушы операторлар Павлодар мұнай өңдеу зауытының жеткілікті деңгейде сұйық отынмен қамтамасыз етілмей отырғанын да тілге тиек етеді. Олар жанар-жағармайды Ресейге қарасты стансадан автокөлікпен жеткізіп отырған көрінеді. Бұл өз кезегінде онсыз да қымбат болып табылатын жанар-жағармай бағасының шарықтауына апарып соқтырып жатыр.
«Біраз күнде қазіргі аз қордың өзі таусылады», – дейді мамандар. Бұл кезеңде Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытының қайта жөндеуге тұратынын ескерсек, жағдайдың мүшкіл бола түсетіні айқын аңғарылады.
Құрыш НҰРЫМБЕТ.