• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Мамыр, 2020

Батыр туралы фильм

182 рет
көрсетілді

Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай «Қазақфильм» киностудиясы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен түсірілген, режиссер Алексей Каменскийдің «Нүркен Әбдіров. Ұлда­рым­ның кенжесі» деректі фильмінің премьерасы өтті.

Фильм миллиондаған кеңестік адамдар қатысқан эпикалық шайқастар аясын­дағы адамның тағдыры туралы әңгі­мелейді. Картинаның түсірілімі Нұр-сұлтан, Алматы қалалары және Нүр­кен Әбдіровтің туған жері Қарағанды облысында өтті. Әсіресе, Қарағандыдағы облыстық мемлекеттік мұрағат қорында сақталған материалдарды зерделеуге баса назар аударылды.

– Ұлы Отан соғысы жылдары – хал­қымыздың жеңісі мен қайғылы ке­зеңі. Өлім, қайғы, қасірет пен үмітсіз қараң­ғылық майдан даласын шарлап, аспанды жауып тұрды. Бірақ өздеріңіз білетіндей, қа­раң­ғыда жұлдыздар ерекше жарқырайды. Қазақ жері осындай көптеген жұлдызды, Кеңес Одағының болашақ батырларын дүниеге әкелді. Соның бірегейі – Нүркен Әбдіров. Батырдың өнегелі өмірі келешек ұрпаққа тағылым болуы тиіс,  – деді фильм режиссері Алексей Каменский.