• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 11 Мамыр, 2020

Шетелдік құжаттарды нострификациялауға болады

188 рет
көрсетілді

Еліміздің азаматтары Қазақстан Рес­пуб­ликасында танылуға және ностри­фика­циялауға жататын білім туралы құжаттар үшін «Электронды үкімет» порталында «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» атты көрсетілетін қызметті пайдалана алады. Қызмет көрсетудің нәтижесінде электронды нысанда білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы куәлік немесе қызмет көр­сетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі.

«Бүгінде көпшілігі шетелде білім алуда немесе шетелдік білімге ие. Сондықтан бұл көрсетілетін қызмет кеңінен танымал деуге болады. Жүргізілген интеграцияның және процесті автоматтандырудың нәтижесінде енді құжаттарды онлайн режімінде заңдастыруға болады. Сіздің өтініміңіз тікелей Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және ака­демиялық мобильдік орталығына қарауға жібе­ріледі», деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық техно­логиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Көрсетілетін қызметті алу үшін eGov.kz порталына кіру, содан соң «Білім» қосымшасын таңдау қажет. «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім» бөлімінде қажетті қызметті таңдаған соң одан әрі порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту керек. Содан соң құжат иесі туралы негізгі мәліметтерді енгізіп, «Білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау», «Білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы куәліктің телнұсқасы» қызметінің бір түрін таңдау, барлық қажетті құжаттардың кө­шірмелерін бекіту, қызметті төлеу және бір рет­тік пароль немесе ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.