Қызылордалық журналистер #Birgemiz қайырымдылық шарасына үн қосты. Олар облыстағы тұрмыстық жағдайы төмен бірқатар отбасына азық-түлік себеттерін таратты.
Қайырымдылық шарасына республикалық және облыстық ақпарат құралдарының 60-қа жуық өкілі қатысып, облыс орталығы мен Сырдария, Жалағаш аудандарындағы 23 отбасына азық-түлік алып берді.
- Сыр журналистері қасиетті Рамазан айында осындай игілікті іске жұмылып, көмекке мұқтаж отбасыларға қол ұшын созды. Осындай қайырымдылық шараларын жыл соңына дейін тағы ұйымдастырғымыз келеді. Бұл - ақпарат айдынында еңбек етіп жатқан, бірлігі мен тірлігі жарасқан сырбойылық журналистердің кең пейілінен туған бастама, - дейді «Qazaqstan» ұлттық арнасының облыстағы меншікті тілшісі Әділбек Жақанов.