• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2013

Болашаққа нық қадам

386 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысындағы Николаев кен байыту фабрикасы алдағы уақытта өз өнімдері көлемін 30 пайызға дейін арттыруды көздеп отыр. Бұл, кен байыту орнында жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде жүзеге аспақ.

Шығыс Қазақстан облысындағы Николаев кен байыту фабрикасы алдағы уақытта өз өнімдері көлемін 30 пайызға дейін арттыруды көздеп отыр. Бұл, кен байыту орнында жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде жүзеге аспақ.

Атап айтар болсақ, фабрикаға жаңа үгіткіш құралдар орнаты­лып, флотация паркі мен өлшем­дік аумақтардың барлығы бүтін­дей жаңартылатын болады. Дәл қазір жаңғырту жұмыстарын жүр­гізумен 500-ге тарта құрылы­с­­­шы және құрастырушы мамандар айналысуда.

– Бүгінгі күні жаңғырту жұ­мыс­тары қатты қарқынмен жү­ріп жатыр десем артық айтпай­мын. Бас корпустың өзінде жұ­мыстың 80 пайызы аяқталды. Біз, әрине, болашақта көздеген мүд­деге жетсек дейміз ғой. Егер біздің кен байытуымыз бұрын жылына 1 млн. 800 мың тонна болса, енді, дәл осы жаңғырту кө­мегімен 2 млн. 200 мың тонна болады. Яғни мыс, мырыш, қор­ғасын концентраттарының көлемі ұлғаяды, – дейді Николаев кен байыту фабрикасының бас инженері Олжас Төлеутаев.

Айта кету керек, құрылғылар тек қана жаңартылып қойылмай, олар мейлінше автоматты жүйеге енгізілмек. Бұл – фабрикадағы жұмысшылардың ауыр еңбегін сәл де болса жеңілдетіп, олардың ке­лер күнге деген сенімін артты­рады. Өйткені, өндірістің бір орында тұрып қалуы әлбетте жұмысшылардың көңіліне қор­қыныш ұялатады. Ал жаңа құрал алып, заман ағымына лайықталып жатқан жұмыс орнының қашан да болашағы бар деген сөз.

– Жаңа құралдардың келуі өн­дірісті қарқындатады. Жұмыс жақсы жүрсе біздің еңбегіміз жемісті болады. Оның үстіне біз білгенімізді арттырып, осы жа­ңа құралдарды игерудеміз» – дейді фабрикадағы жас жұмыс­шылардың бірі Ермек Қаматаев.

Әзірге фабриканың бірінші секциясында жұмыс толық аяқ­талып, ондағы жұмысшылар жаңғыртылған жабдықтарды басқаруда. Енді, екінші секция жаңғыртудан өткен соң өндіріс орны толыққанды қызметке кірісіп, жұмысын еселейтін болады. Ескеретін бір жайт, заманауи құралдар стандартқа сай болуымен қатар, қауіпсіздік техникасын сақтауымен де ерекшеленеді.

– Біз бұл жаңғыртуды көптен бері күтіп жүр едік. Жұмыстың жүр­гені, құралдың жаңарғаны кімге жаман болсын? Ертең сапалы металл алып, ел экономикасына үлес қоссақ, біз соны мақ­тан тұтамыз, – дейді осы жердегі әйелдер қауымының өкілі Дешевик Гуляева. Осылайша, фабрика ұжымы алдағы уа­қытта жоспарлық көрсеткішті арттырмақ.

Айта кету керек, Николаев кен байыту фабрикасы әлемдегі ең ірі мыс өндірушілердің бірі – «Қазақмыс» корпорациясының құрамына енеді. Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха ауданында орналасқан өндіріс орнының іргетасы осыдан 33 жыл бұрын қаланған. Қазірде мыңдаған адам еңбек етіп жатқан фабрика облыс экономикасының өрлеуіне нақты үлес қосып қана қоймай, үнемі жаңашылдыққа қарай бет бұруда. Бүгінгі жаңғырту жұ­мыстары фабрика қол жеткізген жетістіктердің тек бірі ғана.

Өндіріс орны Елбасы тап­­сырмасына сәйкес, ин­­дус­триялық-инновациялық сая­сат­ты жүзеге асыру жұмыстарын мұнымен тоқтатпақ емес. Өйткені, бәсекеге қабілетті, төрт аяғынан тік тұрған өндірістің алдағы уа­қытта көздеген мақсаттары биік. Фабриканың бас инженері Олжас Төлеутаевтың айтуынша, алдағы уақытта бұл жерде кеннен алтын айыратын секция ашу жос­парлануда. Дәл қазір жаңғырту жұмыстарымен қатар, осы жаңа секцияны іске қосуға дайындық қадамдары жасалуда. Ендеше, мыс, мырыш, қорғасын концентраттарын алатын фабрикада болашақта әлі де жаңа жұмыс орындары ашылып, жаңғыртудың сан түрі жүргізіледі деген сөз.

Елмейір АХМЕТ.

Шығыс Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар