Өткен сенбі күні Астанада «Біз таза қала үшін» санитарлық тазарту, көгалдандыру және абаттандыру бойынша дәстүрлі жалпы қалалық сенбілік өтті. Бұл шара елордада 10 қыркүйек-10 қазан аралығында өтіп жатқан экологиялық айлық аясында ұйымдастырылды.
Өткен сенбі күні Астанада «Біз таза қала үшін» санитарлық тазарту, көгалдандыру және абаттандыру бойынша дәстүрлі жалпы қалалық сенбілік өтті. Бұл шара елордада 10 қыркүйек-10 қазан аралығында өтіп жатқан экологиялық айлық аясында ұйымдастырылды.
Жалпы қалалық экологиялық сенбілік аясында бас қаламызда қоныс тепкен қалалық және республикалық ұйымдар «Астана-Зеленстрой» АҚ-пен бірлесіп ағаш көшеттерін отырғызды. Алматы ауданында Ақжол және №14 көшелердің қиылысында қау жапырақты шегіршін, сүмбіл терек, қызыл тал, үйеңкі мен жиде ағашының 1848 көшеті отырғызылды. Сарыарқа ауданында Тілендиев даңғылы бойынша Придорожный көшесінен бастап солтүстік-батыс айналма жолына дейін және Сарыарқа-Абай көшелерінің қиылысындағы саябақта 646 түп ағаш бой көтерді. Мұнда терек, үйеңкі, қарағай, балқарағай ағаштары гүл жаратын болады. Есіл ауданында 1545 түп ағаш, яғни Тұран даңғылы №31 көшеден «Астана жұлдызы» монументіне дейін ұсақ жапырақты шегіршін, ал Ботаникалық бақ ауданына қарағай, арша, қайың, шетен және зерек ағаштары отырғызылды. Жалпы қалалық сенбілік аясында 4039 алуан түрлі ағаш егілді.
Сонымен қатар, жиналған қоқыс тасу бойынша ондаған жүк тиегіш техника мен бригада жұмыс істеді. Қала басшысының тапсырмасына сәйкес, энергетика, көлік және құрылыс басқармаларынан ластанған жерлерді тазалау және оны полигонға уақтылы көму үшін 30 жүк тиегіш және 90 үлкен жүк тасымалдайтын машина бөлінді. Бұдан басқа, коммуналдық, құрылыс және қаладағы басқа да кәсіпорындардың механизацияланған техникасы толық тартылды.
Астанада өткен жалпы қалалық сенбілікте тек Сарыарқа ауданы бойынша полигонға 13,58 тонна күл-қоқыс шығарылды. Сенбілікке 49 техника тартылды. Онда механизацияланған және қолмен жинау шаралары екі ауысыммен жүргізілді. Сонымен қатар, Сарыарқа ауданы бойынша суды тартып алу, жаңбыр суларын жинайтын құдықтар мен науаларды батпақ пен қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұдан басқа, жалпы қалалық сенбілік аяқталған соң «Астана Тазалық» ЖШС күшімен қоқыс шығару және қаланы санитарлық тазалау шаралары одан әрі жалғасты.
Нияз ЖЫЛҚЫБАЕВ.