• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2013

97 жыл бұрын жазылған хаттар

461 рет
көрсетілді

Жуырда бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тұтқында болып, сол бір ауыр кезеңнің азапты күн­дерін басынан өткерген Хасан Искак­ұлы Абдуллатипов деген азамат­тың хаттары табылды. 1916 жылы жазылған бұл хаттар сарғайып, көнер­се де жақсы сақталыпты. Се­мей қаласы, Поповская көшесі, 8-үй­де тұратын анасына жолданған хаттардағы маржандай жазулар анық оқылады:

«Здраствуйте дорогая мамаша и сестра Гульчире. Я вам посылаю низкій поклонъ» деп басталатын сағыныш хаттарының жалпы саны тоғыз. Сонымен қатар, хаттың сол жақ бұрышына «Вскрыто военною цензурой. Г.Петроградъ. Военный Цензоръ №337» деген бұрыштама соғылыпты.

– Хаттармен қоса, Абдуллатипов деген азаматтың әр жылдарда жұмыс істеген жерінен алынған анықтамалары мен есеп кітапшасы да бар, соған қарағанда, бұл азамат соғыстан аман-есен келіп, Семей жерінде алуан түрлі жұмыс істеген, – дейді «Шәкәрімтану» орталығының директоры А. Смағұлова.

Хаттар мен құжаттарды тапсырушы Семей қаласының тұрғыны Ғ.Түсіповтің айтуынша, оларды ол Семей қаласындағы ескі баспахана орнынан тауып алған көрінеді. Осыдан 97 жыл бұрын жазылған хаттар Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті мұражайының көне жәдігерлерінің қатарынан орын алары сөзсіз.

Қазір мұражай мамандары хаттар мен құжаттардың тари­хи дерек­көздерін жан-жақты іздес­тіруде.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

СЕМЕЙ.

Соңғы жаңалықтар