20 сәуірден бастап шағын және орта бизнес кәсіпорындарын қолдау бойынша мемлекетте қабылданып жатқан шараларының арқасында 1,1 млн-ға жуық қазақстандық өздерінің жұмыс орындарына оралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет үйінде өткен онлайн брифингте айтты.
«Дегенмен карантиндік шаралар мемлекеттік шекарадан өту бекеттері бар өңірлерде сақталады, шектеу шаралары бұрынғы тәртіпте қадағаланады», деп атап өтті Ералы Тоғжанов.