Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары, Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет үйінде өткен онлайн брифингте айтты.
«Үкімет елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен жұмыспен қамтуға бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға 5,9 трлн теңгені бағыттайды. Бұл қаражат республикалық бюджет есебінен 3,4 трлн теңгеге және бюджеттен тыс қаражат есебінен 2,5 трлн теңгеге қамтамасыз етілді. Негізінен шығындар халықты жұмыспен қамтуды ұлғайтуға ай сайынғы кірістерді жоғалтуына байланысты төлемдерге, әлеуметтік төлемдерге, тұрғын үй құрылысына және Мемлекет басшысының басқа да тапсырмалары бойынша бағытталады», деді Әлихан Смайылов.
Оның айтуынша, жұмыспен қамтудың Жол картасын қаржыландыруға 1 трлн теңге қарастырылған. Оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен - 300 млрд теңге, бюджетттен тыс қаражат - 700 млрд теңге. Осы қаражат шеңберінде өңірлерде инфрақұрылымдық жобалар іске асырылатын болады. Сондай-ақ 255 мың жұмыс орны құрылады.