Қазақстанның ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов «Dena» компаниясы Неміс энергетика агенттігінің Атқарушы директоры Кристина Хаверкамппен кездесті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында өнеркәсіп секторындағы энергетикалық үнемдеу мен энергетикалық тиімділікті арттыру жөніндегі ынтымақтастық перспективалары, сондай-ақ қалалық және муниципалдық энергетикалық инфрақұрылым мен инновацияның тұрақты дамуына бағыталған шаралар талқыланды.