Бүгін Алматы облысында жұқпалы індет белгісі тіркелмеді. Ал бұғанға дейінгі дерек бойынша 183 адам коронавирус диагнозымен оқшауланған. Осы сәтке дейін 87 науқас оңалып, ауруханадан шықты.
– Облыста санитарлық эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Жұқпалы індет таралу қарқыны сәуір айына қарағанда 18 пайыздан 2,5 пайызға дейін азайды. Әрине, бұл індеттің алдын алу мен күрес жұмыстарын тоқтатуға себеп емес. Аймақта коронавирус бегісін анықтайтын 6 лаборатория жұмыс істеп тұр. Ал еліміз бойынша төтенше жағдай тоқтағанымен, қауіпсіздік шарасы жалғасады. Алматы облысында карантин шектеуін мамыр айының соңына дейін ұзартуға шешім қабылданды, - дейді Алматы облысмының мемлекеттік бас санитар дәрігері Кайрат Баймұхамбетов.