• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Мамыр, 2020

6,5 мың тұрғын үй салынады

463 рет
көрсетілді

Атырау облысында биыл қаржылан­дырудың барлық көздері есебінен 800 мың шаршы метр немесе 6,5 мың тұрғын үй салу міндеті тұр. Биылғ­ы І тоқсанда салаға 8,1 млрд тең­­ге ин­вестиция бағытталып, жал­пы ау­даны 149,6 мың шаршы метр болатын 1287 тұрғын үй пайда­ла­нуға берілді.

Жалпы биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдар­ламасы шеңберінде Атырау облы­сында инженерлік-коммуникациялық ин­фра­құрылым және тұрғын үй құрылысына 20,3 млрд теңгеге 95 жоба іске асырылып, 925 адам жұмыспен қамтылады.

Кредиттік немесе жалға берілетін 620 пәтер­ді пайдалануға беру жоспарла­нып отыр. Оның ішінде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 13 жобаны іске асыру үшін 5 млрд тең­ге қарастырылған. Биылғы І тоқсан қоры­тындысында әкімдікке 1,1 млрд теңге ауда­ры­лып, қаражат толық игерілген. Жыл соңына дейін жалпы ауданы 10,2 мың шаршы метр болатын 157 жалға бері­летін пәтер пайдалануға беріледі. Халық­тың аз қамтылған әлеуметтік топтарына, көп балалы отбасыларға берілетін бұл баспа­налардың құрылысына 480 адам жұмысқа тартылады.  Ал кредиттік тұрғын үй құрылысына 43 жобаны іске асыру үшін 5 млрд теңге қарастырылған. Оған 27,8 мың шаршы метр тұр­ғын үй немесе 463 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған.

Сонымен қатар  «Нұрлы жер» мемлекет­тік бағдарламасы аясында 2%-дық несие беретін «Бақытты отбасы» бағдарламасын жүзеге асыруға биыл республикалық бюджеттен облыс әкімдігіне 239 тұрғын үй үшін 2,4 млрд теңге қарыз беру қарастырылып отыр. Облыста тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу мақсатында 39 жоба іске асырылады. Бұл мақсатқа 10,3 млрд теңге қарастырылған. Биылғы І тоқсанда ол қаражаттың 2,8 млрд теңгесі аударылып, 2,2 млрд теңгесі игерілді. Аталған жобаларда 445 адам жұмыспен қамтылады.

 

АТЫРАУ