• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Мамыр, 2020

Жауынгердің денесі елімізге жеткізілді

411 рет
көрсетілді

1942 жылдың қазан айында Смоленск түбіндегі шайқаста қаза тапқан қазақ сарбазының мәйіті әскери бортпен елорда­ның авиациялық базасына жеткізілді.

Әскери қызмет­ші­нің мәйіті сәуір айының басында Смо­ленск облысының Тем­кин ауданында іздеу-барлау экспедициясын жүргізу кезінде табылған еді. Қаза болған жауын­гердің сақталып қал­ған медалі арқылы аты-жөні анық­тал­ды. Белгісіз жауынгер Қарағанды облысы, Шет ауданы Жастерек ауы­лының тумасы Медет Аманжолов бо­лып шықты. Соғыс ал­дында ол әскерге ша­қырылып, 1941 жылы 24 жасында майданға аттанады. Ол 125-ші жеке атқыштар бригадасы сапында жауға қарсы соғысқан.

Жауынгердің туыс­тары əлі күнге дейін Шет ауданында тұрады. 1942 жылы отбасы Медет Аманжоловтың Смоленскіні қорғауда ерлікпен қаза болғаны туралы хат алады. Көптеген жыл бойы ұрпақтары оның жерленген жерін табуға тырысып, 78 жылдан кейін жауынгер Ота­нына оралды.

Соғыста қаза тап­қан жауынгердің отбасы жерлеу орнына барғысы келді, бірақ төтенше жағдайға байланысты мүмкіндік болмады. Қазақ жауын­герлерінің сүйектерін Отанына қайтаруға әске­ри авиация күштері қол жеткізді. Жақын арада Шет ауданының Аға­дыр зиратында жа­уынгерді әскери құр­мет­пен қайта жерлеу үшін туыстарына бері­ле­тін болады.