• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Қыркүйек, 2013

Жақсылығын жар салмаған жан

501 рет
көрсетілді

Ол халқының тағдыры үшін, ертеңгі нұрлы болашақ үшін адал еңбек етті. Уақыттың талап-тілегін азаматтықпен адал атқарды. Ел мүддесін, Отан мүддесін майданда қарумен, бейбіт күнде қаламмен қорғады.

Мен өзімнің қаламгерлік ұзақ өмірімде талай-талай адамдар туралы мақалалар, очерк­тер, кітаптар жазған адаммын. Бірақ сонау бала кезімнен, дәлірек айтқанда 1953 жылдан бері білетін, талай жерде дәмдес болған осы бір абзал аға туралы бірде-бір рет қалам тартпаппын. Өмірдің ағысы солай болды ма, әлде өзімнің ықтиятсыздығымнан ба, ол жағын түсіне алмадым. Соның реті енді келгендей. Әңгіме көрнекті жазушы, ардақты азамат, жауынгер патриот Кемел Тоқаев туралы болғалы отыр.

1953 жылдың күзінде сонау Талдықорған ауданының Шұбар орта мектебінде оқитын екі дос – Ғазиз Саурықбаев пен мен 9-сыныпты қалада жалғастырмақ болып Алматыға келдік. Ғазиз Алматы ет комбинатына жақын жердегі ТЭЦ-тің дәл түбінде тұратын апайының үйіне, мен Ұйғыр көшесі жағындағы Садуақас Оспановтың пәтеріне тұмсық тіредім. Оқас (Садуақас) ағамыз Алматы қаржы техникумын бітірген, кейіннен Ұзынағаштағы аудандық банк бөлімшесінің бастығы қызметін атқарған абыройлы әрі қайырымды адам еді. Әсіресе, жеңешем өте аяулы адам болатын. Мен сол жолы астанадағы №18 орта мектептің 9-сыныбына қабылдандым да, Ғазиз көп ұзамай ауылына қайтып кетті. Ол кейін Талдықорғанның Қапал жағындағы Зерносовхоз дейтін жерге барып қоныс тепті. Келіншегі Күләшпен қазірде де сонда тұрады.

Бір қызығы, Ғазиз Саурықбаев досымның ТЭЦ жақта тұратын әлгі апайы өзім қатты сыйлайтын Кемел Тоқаевтың да туысы еді. Ол кезде Кемекең «Қазақстан пионері» газетінде редактор қызметін атқарды. Әйтеуір осы бір алақандай газеттің біздің бала жүрегімізге балдай жағатыны әлі күнге есімде.

Кемел ағамен кеңірек таныстығымыз 1960 жылдардың басында басталды. Мен ол кезде «Лениншіл жас» газетінде жауапты хатшы болып істейтінмін. Кемекең болса Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің «Жаршысында» бас редактор еді. Бұл кезде мен Кемекеңнің «Тасқын» және «Көмескі із» атты шытырман оқиғаларға толы повестерін оқып қойғанмын. Маған әсіресе оның алыстан орағытпай, шұбырынды шешендікке салынбай, қазақтың қарапайым тілімен баяндайтын ұтқыр ойлары, өткір диалогтары ұнаған. Оқиғаларды ойдан шығаратын жасанды тартыс дегеніңіз Кемекеңде мүлдем кездеспейтіні де есімде.

Жас алшақтығынан болды ма, Кемекеңмен көп сырласқан емес­пін. Ол маған қол жетпес құз секілді, аса айбынды көрінетін. Оның үстіне курстас досым Қоғабай Сәрсекеев секілді қалың топтың ішіне қаймықпастан кіріп кететін батылдығым да жоқ, тартыншақтау болдым. Осының сырын өзім де түсінбеймін. Әлде жастайымнан жетім қалып, қатал тағдырдың түртпегін көп көргендіктен басылып қалдым ба екен? Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Мәскеуге іссапарымен баруымыз жиілеп кетіп еді. Билет керек кезінде табыла бермейді. Сондай қысылған кезде мен ылғи Кемел ағама телефон шалатынмын. Өзінің жақын санайтын адамдарынан жақсылығын аямайтын Кемекең екі ауыз сөзге келместен Жоғарғы Кеңестің бронынан билет алып беріп жүрді. Осы әдет бір емес, бірнеше жылға созылды. Мазалай бергеніме қысылып та жүрдім. Бірақ қол қысқа, амалым бар ма, өтініш айтпай тұра алмайсың.

Ол кезде жазушының шығар­малары баспасөз беттерінде жиі шығатын. Кезекті бір шығар­масының үзіндісін «Лениншіл жас» газетінде де жариялауға себепкер болғаным бар.

«Мен дайын, жолдас полковник!» деп аталатын сол үзіндіні өз қолымен сеніп бергені тап бүгінгідей есімде. Қазақта: «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» деген мәтел бар. Оқтай атылған тура сөз. Олай дейтінім Кемекеңе еліктеп мен де шытырман тақырыпқа бет бұруды ойлап жүрдім. Кемекең дидарласа қал­ғанда оқиғалы жанрдың өте ауыр екендігін, шығарма негізінен болған оқиғаларға, бұлтартпас деректерге сүйеніп жазылатындығын, түптің түбінде оқушы қауым осы тарихи немесе деректі кітаптарды көбірек оқуға қарай ауатындығын жиі еске салатын. Ағаның сол айтқандары аумай келді.

Ол халқының тағдыры үшін, ертеңгі нұрлы болашақ үшін адал еңбек етті. Уақыттың талап-тілегін азаматтықпен адал атқарды. Ел мүддесін, Отан мүддесін майданда қарумен, бейбіт күнде қаламмен қорғады. Өзінің 63 жылдық қысқа ғұмырында адамгершілік атты ұлы идеяға дақ түсірмей, өз Отан

Соңғы жаңалықтар