• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Мамыр, 2020

Киік санын əуеден көктемгі санау кейінге қалдырылды

143 рет
көрсетілді

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады.

«Өткен жылы сайын даламызда 335 мың киік есепке алынды. Өкінішке орай, биыл киік санын əуеден көктемгі санау төтенше жағдай режіміне байланысты кейінге шегерілді. Бұл жұмыс күзде жалғасады», деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Сондай-ақ министр инспекторлардың киік төлін өргізетін жерлерді қорғауға кіріскенін атап өтті.   «Қазірде инспекторлар киік төлін өргізетін жерлерді айрықша қорғауға кіріскен. Күш құрылымдармен бірге браконьерлікті болдырмау мақсатындағы «Киік» кең ауқымды акциясы іске асырылуда. Мамандар да ақбөкендердің хал-ахуалын жіті қадағалап отыр. Табиғат өз перзентіне мейірімін төгіп, маң даладағы киік саны көбейе түседі деп үміттенемін», деді министр.