Кенияның астанасы – Найробиқаласындағы«Уэстгейт» сауда орталығын басып алған Сомалидің «Аш-Шабаб» қарулы тобы өздерінің қарауында кепілге алынғандар әлі де бар екенін жеткізді деп хабарлайды «Росбалт» сайты.
Бірқатар ақпарат құралдары да кепілге алынғандардың толықтай босатылмағанын жазуда.
Ал Кения билігі бұған дейін кепілге алынғандардың барлығы да босатылды деп хабарлап қойған болатын.
Найробидегі оқиғадан 68 адам көз жұмып, 300-дей адам жарақат алса, ал, 63 адамның тағдыры белгісіз күйде қалып отыр. Қалыптасып отырған жағдай аяқталғанға дейін зардап шеккендер мен мерт болғандардың саны өзгеруі мүмкін.
Жолдыбай Базар.