Сәуір айының 1 мен 31 мамыр күндері аралығында облыс көлемінде «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
Осыған байланысты рейд жүргізген Арал аудандық Табиғат қорғау полициясытобының қызметкерлері «Ақлақ» бөгетінде заңсыз балық аулап жүрген Қаратерең ауылының тұрғынын ұстады. Браконьерден резеңке қайық, ау және 254 келіден астам балық алынды.
Қазір осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 335-бабының 1-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.