• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Руханият 13 Мамыр, 2020

Карантин кезіндегі кітапхана жұмысы көпшілік көңілінен шықты

641 рет
көрсетілді

Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесін атап өту қарсаңында Нұр-Сұлтан қалалық Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі біршама игі істер атқарды. Осы орайда, ұйымдастырылған шаралардың дені онлайн форматта өтіп, оған қала тұрғындарымен қатар, ел көлеміндегі ынталы оқырмандар ат салысты.

Атап айтар болсақ, көрермендердің көзайымына айналған «Есімдері жүректерде сақталған»,  «Вспомним всех поименно», «Мәңгілік полк шеруі», «Ер есімі ел есінде» атты еске алу аллеясы, «Ерлігіңді мақтан тұтамын» т.б. бірегей жобалардың сыртында, Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күніне орай ұйымдастырылған «Кітаппен бірге болайық» жобасы да көпшілік көңілінен шықты.

Жоғарыдағы мәдени шараларды ойдағыдай атқару үшін белгілі ақын-жазушылар мен өнер майталмандары: Толқын Сұлтан, Алтынай Нөгербек,  Толқын Қабылша, Құмарбек Қалқатаев, Әсел Сайлаубай, Тұрар Саттарқызы секілді елеулі тұлғалар шақырылып, олармен өткізілген онлайн сұхбат түрі оқырмандардың рухани сұранысын қанағаттандара алды. Яғни, бетпе-бет әңгіме барысында оқырмандар кейіпкерлердің өзекжарды әңгімесіне сусындаумен қатар, өздерін толғандырған сұрақтарына да жауап алды.

Карантин мерзімін тиімді пайдаланған кітапхана қызметкерлері осылай өз оқырмандарын өзекті ақпаратпен дер кезінде қамтамасыз етумен қатар, қызықты, мазмұнды жобалар ұйымдастырып, онлайн сұхбат, кездесулер өткізіп, оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді.