• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Экономика 13 Мамыр, 2020

Кавказ аймағы мен Орталық Азия елдері коронакризисті қалай жеңеді?

207 рет
көрсетілді

Коронакризис Кавказ аймағында және Орталық Азия елдерің  интеграциялануы  қажеттігін алға тарта бастады. Кеше ХВҚ  және халықаралық сарапшылар қатысқан онлайн конференцияда бұл елдер үшін аймақтық ынтымақтастық,  сауда шектеулерін болдырмауға мүмкіндік берсе ғана маңызды екені айтылды.

Жиынға қатысқан сарапшылардың айтуынша Кавказ аймағында және Орталық Азия елдеріндегі  қаржылық дағдарысты еңсеру сыртқы қарыз алумен ғана шектеліп қалмайды.  Несиелер АҚШ долларымен берілетін болғандықтан, дағдарыс кезеңін жеңгеннен кейін қарыз деңгейінің өсуі  экономиканы долларландыру деңгейінің өсуіне алып келеді.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушы директоры Қайрат Келімбетовтың айтуынша, Қазақстан макроөңірлер арасындағы корпорацияны дамытуға өте мүдделі. «Біз жаһанданудың өсуі туралы емес, Кавказ аймағында және Орталық Азия  елдері  байланыс пен ынтымақтастық орнату туралы айтып отырмыз. Сонымен бірге ЕАЭО елдері мен посткеңестік кеңістік көптеген салалардағы сауда мен ынтымақтастық көлемін арттыруы керек. Сарапшылар дәл қазір жекелеген мемлекеттердің экономикасын қалпына келу сценарийлерін жоспарлау мүмкін емес екенін айтып жатыр. Мен онымен келісемін. Қазақстан жағдайында біз мұнай бағасының құбылмалылығын және оның экономикаға әсерін біліп отырмыз. Мемлекет Экономикасының маңызды сегменттеріндегі  кәсіпорындарды қолдайтын қосымша шараларды дайындап жатыр» деді Қайрат Келімбетов ХВҚ және Кавказ және Орталық Азия елдері қаржыгерлері қатысқан   онлайн-конференциясында.

Инфрақұрылымдық реформалар және қарыз алу бағдарламаларын дамыту ел үшін маңызды болып қала береді.  Орта және ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан үшін капитал нарықтарына оралу және экономиканы қайта бастау маңызды. «Тұрақтандыру жобалары туралы ғана емес, сонымен бірге экономиканы қалпына келтіру бағдарламалары туралы да ойланған жөн. Біз ХВҚ-ның рөлін екі бағытта көреміз. Біріншісі,   аймақтық интеграция, екіншісі,  қаржылық және ақша-несиелік аспектілеріндегі институционалдық әлеуетті нығайту»,  деді Қайрат Келімбетов.

Грузия Ұлттық банкінің төрағасы Коба Гвенетадзе халықаралық ұйымдардың көмегі қажет екендігімен келіседі.

Грузия билігі аймақтық интеграция мен сауда арналарының маңыздылығын атап өтті. «Мен Кавказ аймағында және Орталық Азия  елдеріндегі интеграцияны үйлестіру туралы сөйлескенде, мен көлік ережелерін жеңілдетуді айтамын. Өзін-өзі оқшаулау елдердің жабық экономикасына қаншалықты кері әсер еткенін бәріміз көрдік»  дейді Грузия Ұлттық банкінің басшысы.

Сонымен бірге Грузия билігі мен Ұлттық банк  осыдан бірнеше жыл бұрын дағдарысқа қарсы құжаттар жиынтығын қабылдағанын айтып өтті. Соңғы бірнеше жылда елдің валюталық резервтерін көбейтуге басымдық берілді. «Кезінде бұл халықаралық сарапшылар тарапынан сынға ұшырады, бірақ бірақ коронакризис жағдайында  оның ел экономикасына қажет екенін дәлелденді.  Үкімет пен парламентпен бірге экономиканың жоғары долларлануына байланысты тәуекелдерді азайту бойынша шаралар әзірлеуге дайындалып жатыр.

«Кавказ аймағында және Орталық Азия  елдері капиталдың жылыстап кетуін шектей алмай отырғаны белгілі.  2008 жылғы дағдарыс кезінде  сыртқа жылыстап кеткен капитал қазіргіден екі есе көп болды. Егер Грузия туралы айтатын болсақ, Қаржы министрлігі денсаулық сақтау және басқа да шұғыл әлеуметтік проблемалармен байланысты шұғыл шығындарға тез әрекет ету үшін айтарлықтай буферлік резервтер құрды», - деп атап өтті Коба Гвенетадзе.

Өз кезегінде ХВҚ өкілдері коронакризис аймақ елдеріне әртүрлі жолмен әсер ететінін атап өтті. Мәселен, мұнай-газ секторы дамыған мемлекеттер әсіресе қаржы балансына ұшырайды және қаржы нарықтарына қол жетімділік проблемасына тап болады. Сарапшының пікірінше,  Кавказ аймағында және Орталық Азия  елдерінің бірінші міндеті – қаржы айналымы. Біраз елдер туризмнің мүмкіндігіне сүйенеді. Олардың қатарында Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Әзірбайжан және Армения бар.  «Біз соққыларға ұзақ әсер етіп, барлық аумақтарға енуіне жол бере алмаймыз. Сондықтан фискалдық және ақша құралдарын қолдану қажет. Мәселен, халықтың көп бөлігін әлеуметтік қолдау және ШОБ қолдауымен бірқатар мақсатты шаралар арқылы жүзеге асыру: салық преференциялары, несиелік демалыстар, кірістерді қалыптастыру және шығындарды жабу. Сонымен қатар банктерге өтімділік беру арқылы қаржыға қол жетімділікті жақсарту қажет. Қаржы қызметтеріне қол жетімділікті арттыру үшін сандық және жаңа технологияларды қолдана отырып, қаржылық инфрақұрылымның жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. Алдағы уақытта экономиканы қалпына келтіру сызбаларын әзірлеу қажет», дейді осы жиынға қатысқан сарапшылар.