• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Қыркүйек, 2013

Жаңа міндеттер межесі

252 рет
көрсетілді

20 қыркүйекте Ақордада Мемлекеттік хатшы М.Тәжиннің төрағалығымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясындағы мемлекеттік органдардың ғылыми-сараптамалық жұмыстарының және Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жаңа міндеттері» күн тәртібі бойынша ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өткен болатын.

20 қыркүйекте Ақордада Мемлекеттік хатшы М.Тәжиннің төрағалығымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясындағы мемлекеттік органдардың ғылыми-сараптамалық жұмыстарының және Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жаңа міндеттері» күн тәртібі бойынша ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өткен болатын.

Осыдан шамалы уақыт бұрын ғана Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың төрағалығымен «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассам­блея­сының ХХ сессиясы өткені есімізде. Онда Елбасы «Қасиет­ті қазақ жерін татулықтың төл иесі деп бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл кәмелетке толды. Ел тәу­елсіздігінің ең жауапты кезең­інде бірлігіміздің бастауы болып, қолымызбен құрған Ас­сам­блеяның өмірге келгеніне он сегіз жыл болды. Осы аралықта ол өзінің өміршеңдігін көрсетіп, біз­дің бейбіт қоғамның ажырамас бөлігіне айналды. Елдіктің өл­ше­мі, тұрақтылықтың тұтқасы бола алды», – деп тұжырымдаған еді.

Тарихқа шегінсек, Ассамблея құру идеясын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялаған болатын. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялы мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениетаралық үнқатысуды нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары дең-гейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Осы уақытқа дейін Ассамблея бірнеше даму сатысынан өтіп, бірқатар өзгерісті бастан кешірді. Оның дамуы барысында елімізде этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институттық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.

Ал Қазақстан халқы Ассам­блеясы Ғылыми-сарап­шылық кеңесі жайлы сөз қозға­сақ, бұл ұйым еліміздегі этнос­аралық қатынастар саласы мен мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруда ғылыми негізделген бағыттар мен шешімдерді айқындауды талап еткен қоғамдық сұранысты қамтамасыз ету мақсатында 2009 жылы құрамына 25 доктор, 11 ғылым кандидаты, 6 қоғам қайраткері енген құрылым ретінде дүниеге келген болатын. Сонымен қатар, облыстарда, Астана және Алматы қалаларында да ғылыми-сарапшылық топтар жұмыс істеуде. Олардың қатарына қазірде қоғам қайраткерлері, этносаралық және конфессияаралық қаты­нас­тар мәселесімен айналысатын мемлекеттік қызметшілер, этно­мәдени бірлестіктердің жетек­шілері және жоғары оқу орын­дарының өкілдері бар жалпы саны 200-дей адам тартылған.

ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңе­сінің негізгі міндетіне елі­міз­дегі этносаяси, әлеуметтік-эконо­микалық және конфессиялық даму үдерістерге кешенді сараптама жасау, аталған үдерістердің елдегі және әлемдегі дамуына болжам жасау, мемлекеттік этно­с­аясаттың өзекті бағыттары бой­ынша ғылыми сараптамалық жұмыстар жүргізу, этносаралық және конфессияаралық қаты­нас­тар саласындағы ғылыми-зерт­теу жұмыстарын үйлестіру, Ассам­блеяның қазақстандық қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, жалпыұлттық келісімге қол жеткізуде саяси және азаматтық институт ретіндегі рөлін күшей­туге атсалысу жатады.

Ғылыми-сарапшылық кеңес қызметі ғылыми-зерттеу, талдау және білім беру сынды негізгі үш бағытта жүзеге асуда. Сонымен қатар, кеңес қоғамдық келісім, тұрақтылық, толеранттылық пен ұлттық бірлік, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, сараланған, зерделенген шешім қабылдауға мүмкіндік беріп отыр. Ғылы

Соңғы жаңалықтар