• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Коронавирус 13 Мамыр, 2020

Қарағанды облысы: Емделіп жатқандардың саны 200-ге жетті

168 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында тағы үш адамның СOVID-19 дертін жұқтырғаны ресми түрде анықталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пациенттердің екеуі Теміртау қаласының 1977 және 1988 жылдары туған  тұрғындары. Ал үшіншісі – Абай ауданында тұратын 46 жастағы ер адам. Ол үй карантинінде болған екен.

Бүгінгі, яғни 13 мамырдағы мәлімет бойынша, Қарағанды облысында коронавирус жұқтырудың 200 оқиғасы ресми түрде тіркелген. Үш науқас осы індеттен қайтыс болды және 99 пациент жазылып шықты.