• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Қыркүйек, 2013

Жаңғырту мәселесі талқыланды

275 рет
көрсетілді

Тәуелсіз еліміздің тұғырын берік, мәртебесін биік ұстайтын мамандар дайындауда талмай еңбек еткен, білім мен ғылым жүйесінің дамуына, болашақ заңгер мамандар даярлау ісіне үлкен үлес қосқан, заң саласында ғалымдар мектебінің қалыптасуына үлкен еңбек сіңірген ұлағатты ұстаздардың бірі – Қазақстан Республикасына еңбегi сiң­ген ғылым мен техника қайраткері, Қазақ­стан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигi, заң ғылымдарының докторы, профессор Елеген Қайыржановтың 80 жылдығына арналған еске алу рәсіміне орай Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғы­лымдары академиясы (ҚазҰЖҒА) мен Қайнар университеті бірлесіп «Қылмыс объектісінің мәсе­лелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдегі ғылыми талқылаулар Қа­зақ­станда адам құқығының қамтамасыз етілуі: жетістіктер мен проблемалар; Қазақ­стан Респуб­ликасындағы Қылмыстық, Қыл­мыстық іс жүргізу және Қылмыстық атқару заңнамаларының өзекті мәселелері; Қазақстан Республикасы Қылмыстық заңнамасы бойынша қылмыс объектісі мәселелері атты бағыттар бойынша жүргізілді.

ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор Кәрімбек Құрманәлиевтің төрағалығымен өткен дөңгелек үстел мәжілісінде Елеген Қайыр­жанұлының шәкірті, Парламент Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы Нұрлан Әбдіров «ҚР Қылмыстық заңнамасы бойынша қылмыс объектісі мәселесі» атты тақырыпта баян­дама жасап, ұстазының өнегелі істерін айтып, оның қылмыс объектісіне байланысты негізгі ұстанымдарына ерекше тоқталып, заңгерлердің алдында тұрған міндеттерді атап көрсетті. Сондай-ақ, заң ғылымдарының докторлары: Зайырхан Ашитов, Рима Жансараева, Есберген Алауханов, Ләзиза Берсүгірова, Арықбай Ағыбаев, Әлкен Мыңдағұлов, Дулат Шоқмайытов, Гауһар Рүстемова, Талғат Әкімжанов, Шаймерден Шарипов және Солидат Қайыржановалар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салып, ұлттық құқықтық жүйені жаңғыртуды одан әрі жетілдіру бағытында өз ұсыныстарын талқылауға ұсынды.

Дөңгелек үстелде жаңадан қабылданатын қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңна­маларының жаңа жобасына байланысты да, қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жөніндегі ұстанымдар жөнінде де қызу пікірталас өрбіді.

Осы іс-шара аясында Қайнар универ­си­тетінде академик Елеген Қайыржановтың есімі берілген Криминалистика зертханасының ашылу салтанаты өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар тал­қы­лан­ған мәселе бойынша ұсынымдар қабылдады.

Айгүл БИЖАНОВА,

заң ғылымдарының докторы.

Соңғы жаңалықтар