• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Мамыр, 2020

Атырау: Теңіз кенішінің 90 жұмысшысы індетке шалдықты

285 рет
көрсетілді

Өзге өңірлердей емес, Атырауда қауіпті індеттің беті қайтпай тұр. Бүгін 90 адамнан коронавирус белгісі табылып, тіптен өршіп кетті.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың мәліметіне сүйенсек,  Теңіз кенішіндегі мердігер мекеменің 90 адамы қауіпті індетті жұқтырыпты. Оның   83-і – әйел, жетеуі – ер адам.

«Тағы екі жағдай Атырау қаласында тіркелді. Олар – 52 жастағы әйел мен 27 жастағы ер адам. Қазір науқастармен байланыста болған адамдардың тізімі жасалып, індет ошағына дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде», - деп хабарлады жедел штаб.

Сонымен, бүгін, 13 мамырда Атырау облысында қауіпті індетке шалдыққандар саны  432-ні құрады.   Оның  ішінде Теңіз  кенішінің 359  жұмысшысы бар.