• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Экономика 13 Мамыр, 2020

ЖТС-дағы өзгерістер қазақстандықтардың жалақысының көлеңкеге «тығылып қалуына» жол ашады

128 рет
көрсетілді

Республикалық кәсіпкерлікті қолдау орталығының директоры Дмитрий Казанцев бүгін өткен вебинар жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған жеке табыс салығындағы қазақстандықтардың жалақысының көлеңкеге «тығылып қалуына» мүмкіндік беретінін айтты. Сарапшының пайымдауынша қосарланған бухгалтерияның зардабынан әлі күнге дейін құтыла алған жоқпыз.

Қазақстанда тіркелген ЖШС мен ШОС –та қызметкерлеріне құжатта көрсетілген айлық жалақысының жартысын конвертпен беретін жағдайлар әлі де кездесіп қалады.  «Қазір ЖТС  10%-ды  құрайды. Егер оны   15%, 17% және 20%-ға көтерсе, тек  жұмыс берушілер ғана емес,  қызметкерлердің өзі жалақыларын конверттерге салып, қандай да бір градацияға бейімделуін сұрайды»,  деп түсіндірді Казанцев.

«Егер біз аз жалақы алатындар үшін ЖТС  төмендетеміз деп айтсақ және олардың бәрі көлеңкеден шыққан болса, онда оны  бірнеше сатыға бөлу мүмкіндігін қарастырылуы мүмкін. Бұл нұсқа да нәтиже бермейді. Жалақыға салық салу тәсілдерін толығымен қайта қарау және оларды біріктіру қажет деп санаймын» деді Казанцев.

Еске сала кетейік, Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев прогрессивті ЖТС  шкаласын енгізу қажеттілігі туралы мәлімдеді.