• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Қыркүйек, 2013

Сенімді серіктестік сапары

270 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков ресми сапармен Анкараға келді. Ол Анкарада Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Исмет Йылмазбен кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты әскери және әскери-техникалық, сондай-ақ әскери білім саласындағы ынтымақтастықты дамытудың басымдықтарын талқылады.

 

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков ресми сапармен Анкараға келді. Ол Анкарада Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Исмет Йылмазбен кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты әскери және әскери-техникалық, сондай-ақ әскери білім саласындағы ынтымақтастықты дамытудың басымдықтарын талқылады.

– Қазақстан Қорғаныс министрлігі Түркия қорғаныс ведомствосымен және Қарулы күштерімен арадағы ынтымақтастықты қарқынды түрде дамытуға барынша маңыз береді. Түркия – Қазақстанның қорғаныс сала­сындағы ынтымақтастық шеңберіндегі маңызды әріптестерінің бірі. Екі ел арасындағы әскери саладағы өзара іс-қимыл болашақта да сенімді әріптестік пен өзара тиімділік принципінде дами беретініне сенім білдіремін, – деді Әділбек Жақсыбеков.

Түркия Қарулы күштері Бас шта­бының бастығы армия генералы Неджет Өзелмен кездесу кезінде Қа­зақ­стан қорғаныс ведомствосының бас­шысы Түркия Қарулы күштерінің Сол­түстік Атлантика одағы елдері ішін­дегі тиімді әрі жауынгерлік қабі­леті жоғары әскер екенін атап өтті. Қазақстан Қорғаныс министрлігі Түр­кия тәжірибесін үйрену мен қолдану мақсатында ынтымақтасуға мүдделі.

– Қазақстан Президенті – Қа­зақ­стан Республикасы Қарулы Күш­терінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастыққа айрықша маңыз береді. Соның арқасында бүгінде біздің армия жемісті өзара іс-қимыл жасап отыр. Түркия Қарулы Күштері мен Бас штабы Қазақстан Қарулы Күштерінің бастапқы қалыптасуы мен дамуы кезеңінде алғашқылардің бірі болып жан-жақты қолдау көрсетті. Бүгінде Қазақстан әскері әскери қауіпсіздіктің заманауи қатерлеріне қарсы тұрарлық әлеуетке ие. Қазақстан Қорғаныс министрлігінің негізгі басымдықтарының ішінде әскери білім беру жүйесін жетілдіру, армия­ны кәсібилендіру және техникалық жаңғырту мәселелері бар, осыған байланысты сіздердің тәжірибелеріңізді үйренуге және қолдануға мүдделіміз, – деп атап өтті Әділбек Жақсыбеков.

Сапары шеңберінде Қазақстанның Қорғаныс министрі Түркия қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының ішіндегі жетекші компаниялардың бірі, әскери-электронды өнеркәсіптің көшбасшысы «Асельсан», сондай-ақ ұшу құралдарының жаңа жүйесін жаңғыртудың, модельдеудің және интеграциялаудың негізгі орындау­шысы – «ТАЙ» компанияларында болады.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар