Мемлекеттік қызмет жүйесін электронды форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімділігін қаматамасыз ету - Мемлекет басшысы қойған аса маңызды стратегиялық міндет.
Бүгінгі таңда, Шымкент қаласында 315-ке жуық өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істеуде. Бұл қызмет бұрыштары – мемлекеттік мекемелерде ұйымдастырылып, көп сұранысқа ие анықтамаларды алу кезінде ұзақ кезектілікті ХҚКО-на бармай болдырмау мақсатында қызмет етеді.
Осы орайда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті 2Гис компаниясымен бірлесіп, қоғам арасында үлкен танымалдыққа ие сервистік 2Гис мобилдік картасына қаланың өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын орналастыру жұмыстарын жүргізді.
Өз кезегінде, бұл атқарылған жұмыстың нәтижесі қала тұрғынарындарына зор көмегін тигізбек.