Білім және ғылым министрлігі Telegram каналында Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштер қабылдау аяқталғанын хабарлады.
Халық көп шоғырланған жерлерге баруды болдырмау мақсатында Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 15 сәуірі мен 10 мамыр аралығында онлайн және дәстүрлі түрде өткізілді.
ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген азаматтардың саны – 131 471 адам, оның ішінде 111 017 адам – биылғы оқу жылының мектеп түлектері, 20 454 адам – колледж және өткен оқу жылдарының мектеп түлектері.
ҰБТ-ға қатысуға 100 мыңнан астам өтініш онлайн түрде берілді.
Одан бөлек Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ және шетелдегі оқу орнын бітірген адамдар үшін ҰБТ-2020 құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 15 мамырына дейін ұзартылды.