• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Мамыр, 2020

Түркістан: Жетісу жұртының аманаты — 100 тонна азық-түлік, 160 тонна құрылыс материалдары

251 рет
көрсетілді

Nur Otan партиясының «Біз біргеміз!» акциясы аясында Алматы облысынан Мақтаарал ауданына 15 жүк көлігіне тиелген 100 тонна азық-түлік пен 160 тонна құрылыс материалдары келіп жетті.

Көмек керуеніндегі азық-түлік пен гигиеналық заттар облыстық штабтың Атакенттегі орталықтандырылған қоймасына, құрылыс материалдары Мырзакент кентіндегі құрылыс базасына түсірілді. Көмек керуенін Алматы облыстық жастар ісі жөніндегі басқарма басшысы Жомарт Қаратас пен Nur Otan партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев бастап келіпті. Жомарт Қаратастың айтуынша, гуманитарлық көмекпен бірге талдықорғандық 20 ерікті жас ере келген. Олар алдағы уақытта Мақтаарал ауданындағы құрылыс жұмыстарына атсалысып, түркістандық еріктілермен қоян-қолтық еңбек ететін болады. «Мақтаарал ауданында орын алған апат барша қазақстандықтарды алаңдатып отырғаны белгілі. Осы орайда аудан халқына ел болып қолдау көрсетіп, мемлекетіміздің түкпір-түкпірінен көмектер тоқтаусыз келіп жатыр. Бүгін біз де облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың бастамасымен Жетісу жұртшылығының аманатын арқалап келіп отырмыз. Бұл көмек керуеніне киелі өңіріміздің кәсіпкерлері мен демеушілері және еріктілер өз үлестерін қосты", дейді Жанболат Жөргенбаев.

Жетісу жұртшылығы жіберген 260 тонна жүктің ішінде 18 тонна ұн, 7 тонна күріш, 3 630 литр сұйық май, 6 тонна макарон, жарты тонна перловка, 4,5 тонна қант, 548 дана шай, 6 мың шаршы метр құрылыс ағашы, 100 тонна цемент, 20 мың дана кірпіш, 90 қап құрылыс қоспасы, 15 тонна гипсокартон, 10 тонна құрғақ қоспа бар.

 

 

Түркістан облысы