Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің 10 жылдығына орай өтетін Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушыларға
Құрметті конференцияға қатысушылар!
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Астанадағы съезі – уақыт сынынан табысты өткен жаһандық үнқатысу алаңы.
Ол Жер шарындағы дінаралық және мәдениетаралық ықпалдастық пен өзара түсіністікті нығайтудың бірегей тетігіне айналды.
Он жыл өткен кезде оның өзектілігі тек қана өсе түсті, өйткені бүгінгі жағдайда мәдени-өркениеттік қарым-қатынастар күрделеніп барады. Әлемде адамзаттың моральдық-ізгілік ұстындарына, конфессияаралық және этносаралық тұрақтылыққа қатер төндіретін проблемалар қордалануда.
Қақтығыстардың пайда болуы мен өршуінің алдын алу үшін дін қайраткерлерінің, ғылыми және сарапшылық қоғамдастықтың, бұқаралық коммуникация құралдары өкілдерінің басын қосқан жан-жақты диалогты дамыту қажет.
Съезд толеранттылық пен сенім идеяларын ілгерілете отырып, жаһандық гуманитарлық диалогтың алғы шебінен табылуға тиіс.
Осындай игі де жауапты миссияны жүзеге асыру үшін Съездің әлеуетін аша түсу арқылы форматын жетілдіру қажет.
Конференция қызметі осы мәртебелі міндетті орындауға септігін тигізеді деп сенемін. Барша қатысушыларға жемісті жұмыс және табыс тілеймін!
Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің 10 жылдығына орай өтетін Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушыларға
Құрметті конференцияға қатысушылар!
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Астанадағы съезі – уақыт сынынан табысты өткен жаһандық үнқатысу алаңы.
Ол Жер шарындағы дінаралық және мәдениетаралық ықпалдастық пен өзара түсіністікті нығайтудың бірегей тетігіне айналды.
Он жыл өткен кезде оның өзектілігі тек қана өсе түсті, өйткені бүгінгі жағдайда мәдени-өркениеттік қарым-қатынастар күрделеніп барады. Әлемде адамзаттың моральдық-ізгілік ұстындарына, конфессияаралық және этносаралық тұрақтылыққа қатер төндіретін проблемалар қордалануда.
Қақтығыстардың пайда болуы мен өршуінің алдын алу үшін дін қайраткерлерінің, ғылыми және сарапшылық қоғамдастықтың, бұқаралық коммуникация құралдары өкілдерінің басын қосқан жан-жақты диалогты дамыту қажет.
Съезд толеранттылық пен сенім идеяларын ілгерілете отырып, жаһандық гуманитарлық диалогтың алғы шебінен табылуға тиіс.
Осындай игі де жауапты миссияны жүзеге асыру үшін Съездің әлеуетін аша түсу арқылы форматын жетілдіру қажет.
Конференция қызметі осы мәртебелі міндетті орындауға септігін тигізеді деп сенемін. Барша қатысушыларға жемісті жұмыс және табыс тілеймін!
Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ҮНҚАТЫСУ АЛАҢЫ
Кеше Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының ХІІ отырысы, сондай-ақ «Өркениеттер үнқатысуындағы Астана дінаралық форумының рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл халықаралық жиын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша шақырылған алғашқы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің 10 жылдығына арналып отыр.
ДІНДЕР АРАСЫН ЖАЛҒАҒАН БІРЕГЕЙ ЖИЫН
МАҚСАТ – ОЙ-ПІКІР ОРТАҚТЫҒЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ
Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі Хатшылығының ХІІ отырысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Съезд Хатшылығының басшысы Қайрат Мәми төрағалық етті. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өткен он жыл ішінде өзін әлемдік қоғамдастық таныған тиімді үнқатысу алаңы екенін көрсетті, деді Хатшылық басшысы отырысты ашардағы кіріспе сөзінде. Біздің форумға қатысушылар бүгінде БҰҰ және ЮНЕСКО сияқты беделді халықаралық ұйымдардың өкілдері ретінде танылып жүр. Арамызда барлық төрт съезге қатысқан делегаттар да бар. Біз жаңа идеялар мен толеранттылық мәдениетті, өзара құрметтеуді қалыптаст ыруға әрқашан ашықпыз.
Бұдан кейін төрағалық етуші қатысушыларды Хатшылықтың өткен кезеңдегі атқарған жұмыстарынан хабардар ете келіп, Хатшылық мүшелерін күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға белсенді қатысуға шақырды.
Съезд Хатшылығы отырысының күн тәртібіне қойылған мәселенің бірі – 2012 жылдың мамырында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары ІV съезінің қорытындылары туралы болды. Бұл жөнінде Сенат Төрағасы, Хатшылық басшысы Қайрат Мәми қысқаша тоқталып өтті. Хатшылықтың алдына қойылған міндеттердің барлығы жүзеге асты, деді Хатшылық басшысы. Съезге әлемнің 40 елінен келген делегация қатысты. Онда алғаш рет жастар және әйелдер мәселелеріне байланысты секциялар жұмыс істеді. Көптеген ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Ал өткен IV Съезде Қазақстан Президентінің бастамасы бойынша Діндер көшбасшыларының кеңесі құрылған болатын. Мемлекет басшысы өзінің сөйлеген сөзінде Съезд Хатшылығына бірқатар тапсырмалар берген еді. Бүгінде біз Елбасының сол тапсырмаларын жүзеге асыру үшін нақты жұмыстар жүргізудеміз.
Бұдан кейін Хатшылық мүшелері өз қалаулары бойынша сөз алып, мәселеге қатысты ойларын ортаға салды. Алғашқы болып сөз алған Египет вакуфтер министрлігінің өкілі, «Нұр» қазақ-египет ислам университетінің ректоры Махмұд Фахми Хиджазидің айтуынша, «Нұр» университеті Қазақстан мен Египет елдері ынтымақтастығының нағыз үлгісі болып келеді. Исламда үнқатысудың барлық қағидаттары көрсетілген. «Египетте отбасылық кеңес бар. Ол ислам мен христиан діндерін ұстанатындар арасында ынтымақты нығайту үшін қажет», – деді М.Хиджази.
Үнді мәдениеті мұғалімдерін дайындау жөніндегі ұйымның директоры Кала Дханаджей Ачария ханым төртінші съездің қорытындысына байланысты ұсыныс білдіруді жөн санады. «Мынадай бір мәселені ұсынғым келіп отыр, – деді ол. – Егер съездерде сөз сөйлейтін спикерлер қандай да бір мәселе бойынша баяндамалар жасайтын болса, ол әлем жұртшылығына жетуі қажет деп ойлаймын. Сондықтан материалдар қолжетімді болуы тиіс. Олардан, әсіресе, жастар тыс қалмауы қажет».
Ресейдің еуропалық бөлігі мұсылмандары рухани басқармасының төрағасы, Ресей мүфтилер кеңесінің басшысы Равиль Гайнутдин өз сөзін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі әлемдік діндер мен өркениеттер арасын жалғастыратын бірегей жиын екендігіне арнады. «Осыдан он жыл бұрын аса мәртебелі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Астанада алғаш рет Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтті, – деді Равиль Гайнутдин. – Осы кезең ішінде съезд өзінің дінаралық келісімді нығайтуда тиімді екенін көрсетті. Мәдениеттер мен өркениеттер арасында мызғымас байланыс орната алатындығын дәлелдеді. Бұл шындығында да діндер мен өркениеттер арасын жалғап, аузы дуалы рухани көсемдердің басын қосып отырған алаң болып табылады. Ресей мүфтилері кеңесінің атынан қазақстандықтарды осынау мерейтойымен құттықтағым келеді».
Хатшылық отырысында оған төрағалық етуші Съезд Хатшылығының басшысы Қайрат Мәми Хатшылықтың халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы жайында қысқаша ақпарат берген соң, өзара пікір алмасу әрі қарай жалғасты, ұсыныстар да айтылды. Мысалы, Қазақстандағы Евангелие-лютеран шіркеуінің епископы Юрий Новогородов Бүкіләлемдік лютерандық федерациясы қазақстандық тараптың және діндер жиынын жоғары бағалап отырғанын жеткізді. «Біздің ойымызша, съездер аралығындағы жұмыстарды нығайту арқылы идеяларды кеңейтуге, алда тұрған мақсат-мүдделерді жүзеге асыруға зор мүмкіндік туады, – деді ол. – Бірақ бұл міндеттердің барлығын Қазақстан тарапына жүктей берген дұрыс емес. Сондықтан әрқайсымыз өзімізге тиісті мәселелерді алып, қажетті шараларды өзіміз жүргізуіміз керек. Бұған мүмкіндіктер бар».
Кавказ мұсылмандары діни басқармасының төрағасы шейх Гаджи Паша-заде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің қаржылық қорын құруды ұсынды. Оның пікірінше, өміршең ұсыныстар айтылып жатыр. Олар мақұлдануда, ал қаржы мәселесі назардан тыс қалып отыр. «Қаржылық қор құру қажет сияқты, – деді ол осы мәселе жөнінде. – Сол қордың қаржысымен жиындар өткізіп, қажетті кітаптар басып шығаруға болар еді. Өйткені, әрбір ұсыныста қаржылық негіз болуы тиіс және мәселелерді шешуде ауыртпалық барлығына бірдей жүктелуі қажет».
Ал қасиетті Мария Рим-католик архиепархиясының архиепископы Томаш Пэта жастарды толеранттылыққа тәрбиелейтін оқулықтар шығару жөнінде ұсыныс білдірді. «Бұдан бір күн бұрын біз «Егемен Қазақстан» газетінде 20 03-2013 жылдары аралығында дінаралық және конфессияаралық ынтымақтастыққа қатысты жарияланған мақалалар, сұхбаттар, сараптамалар бойынша құрастырылған «Дінтұтқа» атты танымдық кітаптың тұсаукесеріне қатысқан едік, – деді архиепископ. – Одан көпшілік діндер туралы көп мағлұмат, түсінік алады. Толеранттылыққа үндейтін осындай кітаптар, әсіресе, жастарға аса қажет. Соны ойластырған жөн болар еді».
Съезд Хатшылығы отырысының қорытындысында қатысушылар тарапынан айтылған ұсыныстардың барлығы ескеріле келіп, соған сәйкес бірқатар шешімдер қабылданды. Онымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, Хатшылық басшысының орынбасары Рәпіл Жошыбаев таныстырды. Сөйтіп, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезін өткізудің нақты мерзімі мен орны 2014 жылдың 17-18 қыркүйегінде Астанада өтетін Съезд Хатшылығының XIII отырысында бекітілетін болады.
БҰЛ ӨРКЕНИЕТТЕР ҮНҚАТЫСУЫНА ҚОСЫЛҒАН ҮЛКЕН ҮЛЕС
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының XII отырысы «Өркениеттер үнқатысуындағы Астана дінаралық форумының рөлі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұласты. Конференцияны Сауд Арабиясының Ислам істері жөніндегі министрлер конференциясының бас хатшысы Мажид Абдулазиз ат-Түрки ашып, жүргізіп отырды. Ол осы конференцияны ұйымдастырушыларға алғысын білдіре келе, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің маңызына тоқталып өтті. Конференция барысында: «Бұл конференцияға ашықтық, төзімділік, сүйіспеншілік, барлық діндерге құрмет көрсету, өзара сенім секілді ізгілікті қағидаттар өзек болуда. Мұндай ауқымды шаралар өткізілген кезде біз қатты қуанамыз. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезін өткізу туралы бастама осы елде, Қазақстанда көтерілгені белгілі. Бұл мемлекетте түрлі діндер мен түрлі ұлт өкілдері бейбіт қатар өмір сүруде. Осы арқылы Қазақстан бүкіл әлемге бейбітшілік пен келісімнің үлгісін көрсетіп отыр. Бұл үлгіні бүкіл әлемнің елдері қабылдап, осы жолды ұстануы керек деп ойлаймын», деген ат-Түрки сөзді Қазақстан Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаевқа берді.
Бағлан Асаубайұлы өз кезегінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың келелі жиынға қатысушыларға арнаған құттықтауын оқып берді (Елбасының құттықтауы газеттің 1-бетінде жарияланып отыр).
Келесі кезекте сөз берілген Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Қайрат Мәми конференция жұмысы маңызды тақырыпқа – Астаналық дінаралық саммиттің тарихи рөлі мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өркениеттер үнқатысуына қосқан үлкен үлесіне арналып отырғанын жеткізді. «Сонау 2003 жылы бұрын тәжірибеде болмаған, зерделенбеген мәселе бүгінде ұйымдасқан және қалыптасқан іске айналды. Әлемнің әр жерінен келіп, съезде басы қосылған әлемдік және дәстүрлі діндердің жүздеген беделді өкілдері, саясаткерлер, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері Қазақстан жеріндегі съездің әлеуеті мен болашағына сенеді. Міне, бүгін олар сондағы айтылған бастамалардың іске асқанының, жемісті нәтиже беріп отырғанының тірі куәлары болып табылады», деді Қ.Мәми.
Астана дінаралық форумы өзінің қалыптасу жолының белгілі бір кезеңінен өтті, деп жалғады сөзін Хатшылық басшысы. Бүгінде халықаралық қоғамдастық пен жетекші діндер Астана Съезінің маңыздылығын толық мойындап отыр. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің шешімдерін іске асыру мақсатында, Қазақстанның бастамасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 62-ші сессиясы 2010 жылды «Мәдениеттер жақындасуының халықаралық жылы» деп жариялағанын білесіздер. Ал былтырғы жылы Бас Ассамблея 2013-2022 жылдарды Мәдениеттер жақындасуының онжылдығы деп жария етті. Жуырда Астанада осы онжылдықтың тұсаукесері болды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша Съезд құрметіне Бейбітшілік және келісім сарайы салынды, онда біздің съездер мен басқа да ірі халықаралық іс-шаралар өтіп тұрады. Көріп отырғанымыздай, Астананың өсуі мен өркендеуі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің қалыптасуына да ықпал етті.
Конференция аясында түрлі дін өкілдері де сөз алып, өз ой-пайымдарымен бөлісті. Мәселен, Кавказдың мұсылмандар басқармасының төрағасы Шейх-уль-ислам Аллахшукюр Паша-заде: «Елдің дінаралық үнқатысуды дамытуға қосқан үлесі Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін тағы да арттырғаны дау