• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Мамыр, 2020

Атырау: Теңіз кенішінің 359 жұмысшысынан індет анықталды

231 рет
көрсетілді

Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың басым бөлігі аталған кен орнының жұмысшылары болып отыр.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың хабарлауынша, жұмысшылар тұрған вахталық кентте қауіпті індеттің  17 ошағы анықталыпты. Кен орнынан 16 200 жұмысшы тұрғылықты мекенжайларына жіберілген. Жақын күндері тағы  800 адамды шығарылмақ.   

– Қазіргі уақытта Теңіз кенішіндегі мердігерлік мекемелерден 359 адам инфекция жұқтырды. Оның 64-і жазылып шықты. Соңғы тәулікте мұнда індетке шалдыққан 90 адам тіркелді. Олар бұрын анықталған науқастармен байланыста болғандар,- деді облыстық  тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы Алмагүл Көшкінбаева.