• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Мамыр, 2020

Саяжай күзеткен жасақ

345 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайға байланысты енгізілген карантин кезінде сая­жайларды тіміскілейтіндер көбейіпті. Енді сондайларға полиция қызметкерлеріне көмекке келген атты жасақ мүшелері тойтарыс бергелі отыр.

Атырау қаласына іргелес қо­ныстанған елді мекендерде саяжай учаскелері көп. Мәселен, Алмалы селолық округі аума­ғында 250-ден астам саяжай учас­кесі бар. Алайда, бұған дейін саяжай иелері өз учаскелеріне бара алған жоқ. Енді Атырауда да саяжайларға баруға рұқсат беріліп отыр. Саяжай иелері  өз учаскелеріне сенбі мен жексенбі күндері таңертеңгі сағат 06:00-ден 09:00-ге, кешкі 17:00-ден 20:00-ге дейін ғана барып-келе алады. Ал өзге күндері  оңай ол­жаны ойлайтындар саяжайлар­дан қолға түскенді іліп кетуге бейім екен.

– Полиция қызметкерлерінің саяжайды ұдайы қадағалауға мүм­кіндігі бола бермейді. Сол себептен, бір топ волонтер саяжайларды бақылауды қолға алдық. Оған өзіміздің атымызды пайдалануды ұйғардық. Өйткені, саяжай аумағында көлік жүре алмайтын тұстар бар, – дейді полицияның ерікті көмекшілерінің бірі Отарғали Әубекеров.

Көп жылдан бері саяжай учас­­кесінде көкөніс, бақша өнім­де­рін өсіретін Владимир Заверт­кин­нің айтуынша, осы кезге дейін құрал-саймандар, құрылыс мате­риал­дары жиі жоғалатын бол­ған. Алайда, күзетші жалдауға қаржының тапшылығы кедергі келтіреді. Енді атты жасақ іске кіріскелі  бері ұрлық айтарлықтай азайыпты. 

Облыстық полиция депар­та­менті баспасөз қызметінің же­тек­­шісі Гүлназира Мұх­таро­ва­ның мәлім етуінше, атты жасақ мү­шелерін полиция­ның қоғамдық көмекшісі деуге болады. Қазір 600-ден астам қо­ғамдық көмекші бар. Олар жыл басынан бері 100-ден аса қылмыстың ашылуына қолғабыс жасапты.

– Қоғамдық көмекшілер  учас­келік инспекторлармен бірге қо­ғамдық тәртіптің сақталуына да атсалысып жүр. Әр тоқсан сайын белсенді көмекшілерге 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы беріледі, – дейді полиция  департаментінің баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова.