• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Мамыр, 2020

Ашуын көліктен алған келіншек

200 рет
көрсетілді

Карантин әсер етті ме, әлде өзі сондай көкдолы ма, әйтеуір Теміртауда тұратын қырық жастағы келіншек күйеуімен ұрысып қалғаннан кейін, тоғызыншы қабаттан үйдегі заттарды лақтыра бастаған.

Лақтырғанда да, айдалаға емес, күйеуінің сүлікқара кө­лігіне дәлдеп тұрып лақ­тыр­ған. Тоғызыншы қабаттың балконынан асқан дәлдікпен ұшқан ішінде суы бар пластмасса шөлмек, гүл өсіп тұрған құмыра, басқа да қатты заттар көлікке едәуір зақым кел­тіріпті. Темір тұлпардың тө­бесі майысып, мемлекеттік нө­мер тағатын тетігі сынып, қап­талындағы айнасының күл-паршасы шыққан.

Осы оқиғаның куәсі болып, оны ұялы телефонның камерасына түсірген тұрғындар, әгәраки, әлгі заттар адамның тө­­бе­сіне түссе, бассүйегін ойып жі­берер еді дегенді айтады.

Көп ұзамай полиция қыз­меткерлері тұрғындар түсір­ген бейне көрініс арқылы қы­зуқанды әйелді тауып, оған Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-бабы бойынша айыппұл салды. Әйел мұндай қадамға отбасында болған кикілжіңнен кейін барғанын айтып, өз кінәсін мойындаған.

 

Қарағанды облысы