Өткен жылдың соңында «Егемен Қазақстан» газеті Қызылорда облысы Арал ауданындағы Сексеуіл кентінде оқушылардың орталықтағы мектепке жетуі үшін күнделікті темір жолдан өтіп жүргенін жазған еді.
Мақалаға Мемлекет басшысы назар аударып, тиісті орындарға мәселені шешуді тапсырған еді. Жақын арада білім ошағының құрылысы басталады деп күтілуде.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Арал ауданына сапары барысында осы мектеп салынатын аумаққа барды. Облыс әкімі құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, нысанды межеленген уақытында пайдалануға беруді тапсырды.
Бұл мәселені шешуді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырып, Үкімет нақты шаралар қабылдады. Жаңа оқу жылында, оқушылар заманауи мектепте білім алады деп сенеміз. Қаржысы бөлінді. Енді тек жұмыс жасау қажет, деді облыс әкімі.