• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Парламент 14 Мамыр, 2020

Митинг туралы заң жобасына 16 түзету енгізуді ұсынды

372 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарап жатыр.

Бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заң жобасы жөнінде Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Сәрсенбай Еңсегенов баяндама жасады. Ол бұл құжаттың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында көрсетілген митингтер туралы заңнаманы жетілдіру тапсырмасына сәйкес әзірленгенін атап өтті.

– Бас комитет Сенаттың заңнама, редакциялық-баспа бөлiмдерiмен бiрлесе отырып Заң жобасының жекелеген баптарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажет деген тоқтамға келдi. Комитет Заң жобасындағы алты бапқа байланысты 16 ұсынысты орынды деп санап, оларды салыстырмалы кестеге енгiзiп, назарларыңызға ұсынып отыр. Бұл ұсыныстардың бiр тобы Заң жобасының 5 бабы 2-шi тармағындағы бейбiт жиналысты ұйымдастырушының мiндеттерi мен осы баптың 3-шi тармағындағы бейбiт жиналыстар өткiзу кезiнде тыйым салу негiздерiн қамтитын, сонымен бірге 6 баптың 3-шi тармағындағы бейбiт жиналысқа қатысушының әрекетiне тыйым салу туралы тармақтарға қатысты. Мысалға: Заң жобасында ұйымдастырушыға бейбiт жиналыстар өткiзу кезiнде бейбiт жиналысқа қатысушылардан өз бетiн бүркемеудi, оның iшiнде бет әлпетiн тануға кедергi келтiретiн киiм-кешектi және өзге де заттарды пайдалануды талап етуге мiндет қылып жүктеген. Сол сияқты, бейбiт жиналысты өткiзу кезiнде ұйымдастырушыға бет әлпетiн тануға кедергi келтiретiн киiм-кешектi және өзге де заттарды пайдалануға тыйым салу белгiленген. Комитет ұйымдастырушыға мiндеттелiп отырған бұл нормаларды алып тастауды ұсынады. Бұл белгiлi бiр деңгейде бейбiт жиналысқа қатысушылардың денсаулығын сақтауға байланысты жеке қорғаныш құралдарын пайдалану құқығын шектейдi, – деді Сәрсенбай Еңсегенов.