• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
26 Қыркүйек, 2013

Ортақ мүдделер уағдаластыққа негіз

256 рет
көрсетілді

Кеше Астанада Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің үкімет басшылары Серік Ахметов, Дмитрий Медведев, Михаил Мясникович Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Үкімет басшылары деңгейіндегі отырысын өткізді. Отырысқа Украина мен Қырғызстан премьер-министрлері Николай Азаров пен Жанторо Сатыбалдиев байқаушылар ретінде қатысты. Отырыста Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікті одан әрі дамытудың және Еуразиялық экономикалық одақты құрудың күн тәртібінде тұрған неғұрлым өзекті мәселелері қаралды.

Отырыстан кейін болған журналистермен кездесуде Қазақстан Үкіметінің басшысы Серік Ахметов пен Еуразиялық комиссия алқасының төрағасы Виктор Христенко осы жайында шағын хабарлама жасады.

– Бірінші кезекте айтатын мәселе, бүгінгі басқосуда Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыруға негізделген интеграциялық үдерістерді одан әрі тереңдетудің жекелеген мәселелері қаралып, сәтті шешімін тапқандығын хабарламақпын. Бүгінгі басқосудың негізгі маңызды қорытындысы біртұтас кедендік аумаққа кіргізілетін азаматтық ұшақтар мен астық комбайндары туралы шешімге қол қойылуы болды. Бұл мәселе көптен бері талқыланып келе жатқан еді. Аталған құжат Кеден одағы елдеріне әуе көлігі, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп салаларын тиімді дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 2011-2012 жылдары қолданылған Кеден одағы аумағына кіргізілетін тауарларға кедендік баж салығын белгілеу мен бөлудің тетігі мақұлданды. Өйткені, бұл тетік өзінің тиімділігін көрсетті. Осы бағыттағы бірлескен жұмыстардың біздің елдеріміздің арасындағы интеграциялық үдерістердің жоғары қарқынмен дамып келе жатқандығын және оның үлкен әлеуеті бар екендігін, сонымен қатар, біздің елдеріміздің арасында әріптестік қарым-қатынастардың бүкіл әлеуеті тиімді пайдаланылып келе жатқандығын тағы бір дәлелдеді, деп мәлімдеді Серік Ахметов.

Виктор Христенко өз сөзінде басқосу өте тамаша жағдайда өткендігін мәлімдеді.

Әдетте интеграциялық үдерістер тереңдеген сайын оның қаралатын мәселелері де жеңілдей түседі деген түсінік бар. Дегенмен, біз бүгінгі басқосуда интеграциялық үдерістер тереңдеген сайын қаралатын мәселелердің де тереңдеп, күрделене беретіндігін байқадық. Осындай кезде үш ел арасындағы ортақ түсіністік пен қарым-қатынас әлеуетінің зор екендігі тағы бір дәлелденді. Бүгінгі астық комбайны мен азаматтық ұшақ жөнінде ортақ келісімге келгеніміз соның тағы бір көрінісі болды. Оның үстіне әлемді дағдарыс кернеп отырғандығына қарамастан, үш ел арасындағы сауда көлемі соңғы 7 айда тағы да 3,6 пайызға арта түсті, деп мәлімдеді Виктор Христенко.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,

«Егемен Қазқастан».

Соңғы жаңалықтар